Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Тоқсанбай араны

Орналасқан жері: Бейнеу ауылынан солтүстік шығысқа қарай 127,8 км жерде орналасқан.   

Координатасы: N045^48.084; Е056°37.536. 

Ескерткіштің сипаттамасы:  Аң аулау қамауы үстірттің шың- кемерінде орналасқан. Жоспарда құрылым 1 араны бар тікбұрыш құрайды. Қабырғалардың ұзындығы 22,3-22,7 м. Аран шұңқырдың диаметрі 1,5 м, тереңдігі 0,5 метрге дейін. Аран қабырғалары 0,4 метрге дейін сақталған, тура және қиғашты бағытталымдағы тігінен орнатылған тақта-тастардың ұштасуымен жасалған. Аран-шұңқырдың қабырғалары  ішінен тақта-тастардың көлденеңді қаламасымен салынған. Аран көлемі 1570 м2. Ескерткіш  Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған.  

Тарихи деректер мен аңыз-әңгімелер:  «Көшпелілердің мәдени мұрасы мәселесі бойынша ҚазҒЗИ» экспедициясы 2007 ж. зерттеген. 

Дерек көздер: 

1. «Көшпелілер мәдени мұрасы мәселесі Қазақ ҒЗИ» экспедиция 2007 ж материалы. Т.Н. Лошакова

2.  Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қоры, архив қоры (ескерткіш паспорты). 

  


Оқылған саны: 24

Ақпан ғибадатханасы

Ақпан /Сартай/ ғибадатханасы, ерте темір дәуірі., (археол)  Тұрыш ауылынан солтүстік батысқа қарай 25 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Амандық қорымы

Амандық қорымы, ХІХ ғ. басы,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 106 км, Ақжігіт ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 49 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Айтман қонысы

Айтман қонысы, қола дәуірі,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылының солтүстік шығыс жағында 134 шм, Тұрыш ауылынан солтүстік шығыс қарай 43 шм жерде орналасқан  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Күш қорғаны

Күш қорғаны, (ерте темір дәуірі), Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Төлеп ауылынан оңтүстікке қарай 14  км жерде орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қарақабақ қалашығы

Қарақабақ қалашығы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылынан солтүстікке қарай 25 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Жезді қорымы

Жезді қорымы, ХІХ-ХХ ғғ.,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан солтүстік шығысқа қарай 100 км болатын жердегі, шағын биіктіктегі төбе үстінде орналасқан. ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Страницы: 12345678910111213