Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Тоқсанбай қонысы

Орналасқан  жері:  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 140 км, Тұрыш ауылынан солтүстік-шығысқа 48 км жерде орналасқан.  

Координатасы:  N 045^51.017; Е 056°33.356 

Ескерткіштің сипаттамасы:  Тоқсанбай қонысын археол. зерттелуі өткен ғасырдан 90-шы жж. басталды. Микротопографияның және жер қыртыстық жағдайларды сараптау адамдардың болашақ қоныс орнын таңдаған кезде ыңғайлы стратегиялық орналасу, жақын жерде ішуге жарар су көздерінің болу, шаруашылық-өндірушілік іс шаралармен айналысуға жағымды мүмкіндіктің болу, аңшылық жерлер және ауланатын жануарлар суармасына жақын болу дегендер ескерілген. Қоныстың тұрғын және шаруашылықтық салмалары осы және басқада салдарды ескеріп жасалған, сондықтан біраз өзіншілдікке ие. Қазіргі күні бірнеше тұрғын үй зерттелген және қазіргі таңда осы өңірді мекендеген халық шаруашылықтық дамуының бір деңгейімен шартталған құрылыс дәстүрінің болғаны туралы сеніп айтуға болады. Ғимараттардың едендік табаны дөңгелентіп материктік саздан қазылған. Қабырғалар төмен жағында салмақты тік тас кесектер қойылған, олардың үстіне көлемі кішірек тақта-тастар көлденең жатқызылған. Ғимарат еденде жасалған ошақпен жылынған. Қазіргі кезде оңтүстік-шығыс жақ етегіндегі ішінде тұрғындардың діни іс-әрекет іздері байқалған тұрғын үй зерттелуі аяқталған. Металлдан, сүйектен, мүйізден, қыштан жасалған заттардың сонымен қатар құрбандық тамақтың ұштасуы және бөлмедегі өзара орналасуы олардың ғұрыптық арналуына куә. Үйдің сақталған жартысының интерьері әдеттегідей емес: аса байқалмайтын бұрышта қуыс жасалған да қасында, солтүстік қабырға астында құрбан жануарлардың сүйегі толған жәшік орналасқан. Үстірттегі Тоқсанбай қонысын зерттеу барысында бұл өңірдің тұрғындарының б.з.д. 2000 жылдардың басының өзінде-ақ жаһандық тарихи-мәдени және әскери-саяси құрлықтық деңгейдегі процестерге араласқаны  және жаңа мәдени кешендер мен шаруашылық түрлерін, әрі этникалық конгломераттарды құруға тікелей ат салысқаны анықталды. 

Тарихи деректер мен аңыз-әңгімелер:  ҚР ҰҒА АИ Батыс Қазақстан экспедициясының барлау кезінде 1997 ж. зерттелген. Ескерткіш  Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған.  

Дереккөздер: 1. ҚР БҒМ АИ Батыс Қазақстан археол. экспедициясының (2000 ж.) есебі. Самашев 3., Ермолаева А.С., Лошакова Т. 

2. «Североустюртский очаг культуры эпохи палеометалла. Проблемы, поиски и раскопки. Бронзовый век восточной Европы: характеристика культур, хро- нология и периодизация» // 

3. Материалы международной научной конференции «К столетию периодизации В.А. Городцова бронзового века южной половины Вос- точной Европы, Самара 2001, С.347-352. Самашев 3., Ермолаева А.С., Лошако- ва Т. 

4. «Орудия труда и медеплавильное производство поселения Токсанбай (Се- верный Устюрт)» XV Уральское архео- логическое совещание // 

5. Тезисы докладов международной археологической конфе- ренции, Оренбург 2001, С.109 - ПО. Лошакова Т. 


Оқылған саны: 8

Қалдыбай қорымы

Қалдыбай қорымы, 18-19 ғғ. (архит.).  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылынан шығыс бағытта 83,4 км, Желтау тауынан оңтүстік-батысқа қарай 16,5 км жерде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Иманбай кесенесі

Иманбай кесенесі, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,Төлеп ауылынан солтүстік шығысқа қарай 18 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Бесшымырау қорымы

Бесшымырау қорымы, ХІХ ғ.,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,  Бейнеу ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 90 шм, Ақжігіт ауылынан оңтүстікке қарай 40 шм жерде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Жезді қорымы,

Жезді қорымы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 100 км болатын жердегі, шағын биіктіктегі төбе үстінде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Ақпан ғибадатханасы

Ақпан /Сартай/ ғибадатханасы, ерте темір дәуірі., (археол)  Тұрыш ауылынан солтүстік батысқа қарай 25 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Амандық қорымы

Амандық қорымы, ХІХ ғ. басы,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 106 км, Ақжігіт ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 49 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Страницы: 1234567891011121314