Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Ұлыкіндікті кешені

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек селосынан 35 км солтүстік бағытта, Шопан-ата  қорымынан 4 км жерде орналасқан.

Координатасы: N 43° 30' 40.7" , E 53° 23' 04.7" 

Ескерткіштің сипаттамасы: 1998 жылы анықталды. 2005 жылы археолог А.Астафьевтің жетекшілігімен Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорық қызметкерлері археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді.

Шопан-ата қорымына жақын Ұлы кіндікті жерінде  ерекше археологиялық нысана орналасқан. 2005 жылы археологтар осы жердегі қола дәуіріне жататын екі діни-қабірлеу кешені орындарына археологиялық зерттеу жұмыстарын өткізді. Бұл ескерткіштің шартты дәуірі  б.д.д. 2 мыңжылд. ортасы деп белгіленеді. Бірінші қабірдің диаметрі 6 м болатын дөңгелек пішіндегі тас қоршауы болған көрінеді, тастары шашылып, бүгінгі таңда құрылысы бұзылған. Тас қоршаудың ішіне ерекше қабір орналасқан. Барлығы 12 тасты тігінен қойып тұрғызған қабірдің пішіні жұмыртқаға өте ұқсас болып келеді. Қабірдің беті плиталармен жабылған. Уақыттың өтуімен бұл плиталар сынып, төменге құлаған. Қабір түбінде қартайған адамның қаңқасы сақталған. Дене бір қырынан жатқызылып, басы шығысқа қаратылып, тізелері бүктіріліп жерленген.  Мүрденің артқы жағынан ішіне ұсақ жануардың қабырғалары салынған кішкене құмыра ыдыс табылды.

Екінші қойылымның қабір құрылысы және жерлеу дәстүрі күрделілеу. Қабір дөңгелек пішінді, ірі фундамент тастары сақталғандығынан бұл күмбезді құрылыс болғаны түсінікті болды. Бұл қабірде де жасы үлкен адам жерленген, қаңқа әйел адамға тиісті деп болжанады. Дененің басы шығысқа бағытталып, қырынан жатқызылған. Моланың қабырғалары тастан қаланған, төменгі бөлігі жұмыртқа тәрізді болған, жоғарғы бетіне күмбез тіктелген. Жерленген дененің үстінен сексеуіл бұтақ-шыбықтарынан тор жасалынған. Бұл ағаш тордың үстіне құмыра ыдыс қойылған. Қоршауының диаметрі 10 м болған,  биіктігі 1,5 м  етіп тастан қаланған қабырғамен қоршалған. Сондай-ақ бұл тас қоршауды ені 3 м , тереңдігі 1 м  ор белбеу сияқты қоршаған. Қабірлеу рәсімі кезінде  тас қоршау мен күмбез арасына алау жағылған.

Тарихи-деректер, аңыз-әңгімелер: Ұлы кіндікті кешенінің жерлеу дәстүрі Ұлы даланы мекендеген ежелгі көшпелі халықтың әлем және өмір жаратылысы туралы діни түсініктерімен тығыз байланысты. Дүние жүзі  халықтарының ежелгі аңыз-эпостарында Космостық мұхитта жүзіп, Ғаламшар алауымен жылытатын әлем жұмыртқасы біздерге белгілі. Әлем жаратылысы – жұмыртқаның төменгі - жоғарғы бөліктері -  аспан-жер, сары  уызы -  күн деген ұғым халықтар мифологиясында кеңінен  тараған. Әлемдік жұмыртқа жарылмастан бұрын оның ішінде Аспан-әке, Жер-ана бір-бірімен жақын болып, олардың бір-бірімен айрылысуы адамзаттың пайда болуына әкелген. Міне, осы негізде дүние жүзі халықтары мифологиясы адамзаттың туылуын жермен байланыстырады, алғашқы адамдар балшықтан немесе жерден жаратылды деген ұғымға саяды. Мүмкін осындай дүниетанымдар пайда болған тас заманының соңғы дәуірлерінде қайтыс болған адамдарды қырынан, тізелерін бүктіріп жерлеген, әлі туылмаған сәбидей, яғни ана құрсағында жатқандай етіп жерлеген.

 Ұлы кіндікті діни-қабірлеу кешені енді пайда болып келе жатырған көшпелі қоғамның тікелей мұрагері қазақ халқының рухани мәдениеті дамуының үлгісі болып табылады. 

Дерек көзі: Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағат материалдары


Оқылған саны: 5607

Асау қорымы

Асау қорымы, ХVII - ХVIII ғасырлар  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылынан 13 км оңтүстік бағытта орналасқан....


Амантұрлы қорымы

Амантұрлы қорымы. XVII-XX ғасырлар. Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосынан 35 км солтүстік-шығыс бағытта орналасқан.  ...


Асалы күмбезтамы

Асалы күмбезтамы.  Маңғыстау облысы. Бейнеу ауданы, Боранқұл селосынан   56 км  шығыс бағытта орналасқан. Маңғыстаумемлекеттік тарихи-мәдени қорығы....


Сенек қорымы

Сенек қорымы. ХVII-ХХ ғасырлар. Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылынан шығысқа қарай 1 шм жерде орналасқан....


Қамысбай қорымы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе селосынан 14 км. оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан. ХVІ – ХIХ ғғ...


Ақүйік қорымы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе аулынан оңтүстік-шығысқа қарай 17 шм орналасқан...


Қапаш мешіті, шебер Капаш Қинақұлы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жармыш ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 шм жерде орналасқан....


Booking.com
Страницы: 12345678