Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Шерқала тауы (X – XIII ғғ.)

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосынан 17 км солтүстік-батыс бағытта орналасқан.

Координатасы: N 44° 15' 22.72" , E 52° 0' 20.73" 

Ескерткіштің сипаттамасы: Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 279 қаулысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді.

Шерқала тауы - ежелгі жер сілкіністері нәтижесінде пайда болған төрткүл ақ бор тау. Шерқала тауының биіктігі 308 м. Шерқаланың жақн маңайында шар тәрізді тастар мен тұтас гранитті сомтастар көптеп ұшырасады.

Таудың солтүстік бөлігі үздіксіз соққан желдің әсерінен қажалып, өзгеріске ұшыраған. Осы желдің әсерінен оның жан-жағынан пайда болған жеке түзілістерді де байқауға болады. Ал оңтүстік бөлігі  мен шығыс жағы  тік жарлы. Жоғарғы жағы тегіс, адамның жүріп-тұруына ыңғайлы. Таудың етегінде төбесіне апаратын үңгір бар.

Тарихи-деректер, аңыз-әңгімелер: Кейбір аңыздар бойынша, бұрынырақта Шерқаланың төбесінде кішкене қалашық болған. Халық сол жерде өмір сүріп, дұшпандардың шабуылынан қорғанған екен.

Шерқала жайындағы аңыздардың бірінде, ертеректе қаптаған жаулардан бір топ айбынды жауынгерлер тауды қорған еткен делінеді. Олар жаумен жолбарыстарша алысыпты. Тауды қорғаушылардың қалғаны тау ішіндегі жерасты жолдарына тығылып, сол жерде мәңгі қалып қойыпты. Осындай батырлық пен тәуелсіздіктің тірегі – Жолбарыс қала немесе Шерқала деген атау осылай пайда болған.

Дерек көзі:

Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары –Астана: Фолиант, 2017 г., 337 бет;

«Жизнь казахских степей» Бронислав Залесский, Париж 1865 г., Алматы 1991 ж.;

Маңғыстау МТМҚ ММ материалдары.


Оқылған саны: 23525

Аққұл ишан мешіті

Аққұл ишан мешіті ХIХ ғасыр, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылынан 17 км солтүстік-шығыс бағытта, Сайын жерінде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Манашы некрополі

Манашы некрополі, ХVII - ХIХ ғасырлар, Бейнеу ауылынан 25 км оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Құсшы-ата некрополі

Құсшы-ата некрополі, ХV - ХIХ ғасырлар, Тұрыш ауылынан 35 км оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Есетмола некрополі

Есетмола некрополі, ХІV - ХІХ ғғ; Бейнеу ауылынан 65 км солтүстік-батыс бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Дарханбай (Сары Шоңай) некрополі

Дарханбай (Сары Шоңай) некрополі, Ақжігіт ауылынан 40 км оңтүстік бағытта орналасқан.  ХVІІІ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Бесшымырау некрополі

Бесшымырау некрополі, Ақжігіт ауылынан 42 км оңтүстік бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Атан-Таған некрополі

Атан-Таған некрополі, Бейнеу ауылынан 9 км оңтүстік-батыс бағытта орналасқан ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Booking.com
Страницы: 12345678910