Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Бозжыра тауы

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Ақтау қаласынан 300 км қашықтықта орналасқан.

Координатасы: N 43°24 30.77” , E 54°6 13.92” 

Ескерткіштің сипаттамасы: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді.

Бозжыра тауы – облыс орталығы Ақтау қаласынан 300 км қашықтықта орналасқан, Қарақия ауданына қарасты Үстірт платосының батыс шыңдары бөлігі, Табиғат-Ананың өз қиялына ерік беріп, ақ түстерден ғажайып ландшафт жасаған Үстірт жазығы шыңдарының бір бөлігі. Биіктігі – 250 м.

Тарихи-деректер, аңыз-әңгімелер: Сан мыңдаған жылдар бойы бұл аймақ мұхит түбі құбылысында болған. Алайда, тереңдегі Жер әрекетінің дамуымен мұхит кесінділері кей кезеңдерде уақытша болса да кейін шегінетін болған. Шегінген мұхит гигант толқындарымен жұмсақ әктас жарықшақтарын шайып, ақ-борлы таң қаларлық тау қалдықтары мен сайларды құрастырған. Жел мен жауын тасқындары қорытындылай қалыптастырған табиғаттың бұл әсем көрінісі бүгінгі таңда өлкемізге енді ғана келіп бастаған туристерді таң қалдырып отыр. Шағын Бозжыра жазығы үш жағынан табиғат қиялының амфитеатрымен қоршалған. Бұл жерде сайлар, құздар, тау-мұнаралар, тау-қамалдар - бәрі аппақ. Бозжыраның тау шоқыларын айналып қараған кезде, құдды-бір өзінің ажарын құбылтып тұрғандай көрінеді. Назданған шоқылар мұнарланған қиян далаға қарап, Маңғыстаудың ұлы нышаны - алып тас үйдің тыныштығын күзетіп тұрған үнсіз қарауыл секілді.

Дерек көзі:

Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары –Астана: Фолиант, 2017 ж., 338 бет;

Маңғыстау МТМҚ ММ материалдары.


Оқылған саны: 20910

Саура сайы

Алғаш рет 07.05.1993 жылы облыс әкімінің №487 шешімімен мемлекеттік қорғауға алынған. Саура жерінің туристік тартымдылығын арттыру мақсатында 2014 жылы археолог А.Астафьевтің жетекшілік етуімен Саура бекінісіне археологиялық зерттеулер жүргізілді....


Самал сайы

2004 жылы Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы мемлекеттік мекемесі зерттеген. Қорым алғаш 05.10.2004 жылы Маңғыстау облыс әкімиятының №197 қаулысымен мемлекеттік қорғауға алынған....


Махтум баба мешіті

Алғаш рет 25.03.1982 жылы Халық депутаттарының Маңғышлақ облыстық кеңесі атқару комитетінің №121 шешімі бойынша мемлекеттік қорғауға алынған. Шатқалда (1851 ж. мамыр айында) Т.Г.Шевченко болған және зираттың бір көрінісінің суретін салған. Осыған орай шатқал жарларының бірінде ескерткіш тақта орнатылған....


Қыз әулие кесенесі

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді. Осы Есет елді мекенінде әулие саналып, киелі орындарға айналған жерлер бар....


Қошқар атадағы қошқар мүсіні

Қорым алғаш Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1974 жылғы 6 маусымдағы Қаулысымен мемлекеттік қорғауға алынған. Кейін 25.03.1982 ж Халық депутаттарының Маңғышлақ облыстық кеңесі атқару комитетінің №121 шешімі бойынша жергілікті дәрежеде мемлекет қамқорлығына алынды....


Кенті баба қорымы

Ескерткіш 1979 жылы Қазақ КСР Мәдениет Министрлігінің экспедициясымен зерттелді. Қорымға 1983, 2005, 2013, 2014 жж ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізілді....


Booking.com
Страницы: 12345678