Нысандар
Картаға енген нысындардың тізімі
Қошқар атадағы қошқар мүсіні
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылында орналасқан.
Координаталары: 43°43ཱུ.8"N 51°09མ.0"E
Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш 1978 жылы А.Итенов жетекшілік етуімен зерттелген, 1979 жылы М.Нұрқабаев жетекшілігімен зерттеу жұмыстары жүргізілген.
Қорым алғаш Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1974 жылғы 6 маусымдағы Қаулысымен мемлекеттік қорғауға алынған. Кейін 25.03.1982 ж Халық депутаттарының Маңғышлақ облыстық кеңесі атқару комитетінің №121 шешімі бойынша жергілікті дәрежеде мемлекет қамқорлығына алынды. Қазіргі уақытта Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді.
Қорым қоршаулармен бөлінген ескі қорым және қазіргі күнгі бөліктен тұрады. Қорымның ерте кезеңдік бөлігі көлденеңінен қойылған тас қоршау, сандықтас, баспалдақ тәрізді сатылы тас қабірлермен және қойтас құрылым құрлыстарымен ерекшеленеді. Қорымға кіре-берісте, аңыз бойынша Әулие Қошқар атаның өзі жерленген киелі орыннан басталады. Бұл жерге үстінде сырық ағаш шаншылған тас үйінді мен қоршау яғни қабір жайғасқан. Жергілікті сенім бойынша, мұнда келген адам әулиенің құрметіне құран бағыштап оқылуы немесе оқытылуы тиіс. Мұндағы қорымның танымал ескерткіші - қошқар бейнесіндегі қабір үсті құрылысын айтуға болады.«Қошқар» түрік халықтарында ұлылықтың, ақыл мен күштің символы ретінде саналады. Қошқар бейнесін ел қасиет тұтып, сыйынып, құрметтеген. Ол әкті-құмтастан араланып тас жәшік үстіне орнатылған. Бұл мүсіннің бойында Маңғыстау өңіріне тән мемориалдық ескерткіштердің барлық жоғары сапалары үйлесім тапқан. Қапталдық бүйірлерінде араб графикасындағы жазулар, соншалық күрделі болмаса да, қарапайым қару жарақ суреттері салынған. Бұл неолит дәуірінен бастау алатын, тастың сырын ұққан, оның қашалу өнерін бойына сіңірген көшпелілердің исламға дейінгі дүниетаным дәстүрінің жарқын көрінісі бола алады. Көргендердің ауызша әңгімелеріне қарағанда, қошқар мүсіні алғашында қорымның батыс бөлігінде болған, кейіннен белгісіз біреулер осы жерге, араланған әктас құрлыстың үстіне әкеліп орнатқан. 1982 жылы №38 сандықтасқа «Манғыстауреставрация» ЖШС мекемесі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізген.
Тарихи-деректер, аңыз-әңгімелер: Аңыз бойынша, Қошқар ата ғажайып қасиет иесі ел арасында мұсылманшылықты уағыздаған, тақуалықпен өмір кешкен әулие адам болған. 10-11 ғғ. өмір сүрген адам деп жорамалданады. Қошқар ата өз заманында ел балаларын мұсылманшылыққа оқытып, бірнеше шәкірт тәрбиелеген делінеді. Солардың бірі Қалипан әулие екен. Ол күйбең тірліктен безіп Маңғыстауға Хорасаннан келген деседі. Тірісінде тек қана бұғының етімен қоректенген. Бұғының етін жегісі келгенде, алдына бұғының өзі келіп жығылады екен. Қошқар ата қорымы - халық құрмет тұтатын, әулиелік орын деп бағалайтын, қасиетті болып саналады.
Дерек көзі:
ҚазКСР Мәдениет министрлігі «Қазпроектреставрация» институты экспедициясының (1978ж.) зерттеу материалдары;
Маңғыстау МТМҚ ММ материалдары.
Оқылған саны: 5779
Бейне-материалдар
3D Модель
Маршрут
Саура сайы
Самал сайы
Махтум баба мешіті
Алғаш рет 25.03.1982 жылы Халық депутаттарының Маңғышлақ облыстық кеңесі атқару комитетінің №121 шешімі бойынша мемлекеттік қорғауға алынған. Шатқалда (1851 ж. мамыр айында) Т.Г.Шевченко болған және зираттың бір көрінісінің суретін салған. Осыған орай шатқал жарларының бірінде ескерткіш тақта орнатылған....