Нысандар
Картаға енген нысындардың тізімі
Самал сайы
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосынан 18 км солтүстік-батыс бағытта орналасқан.
Координатасы: N 44° 12' 57.64" E 51° 59' 34.65"
Ескерткіштің сипаттамасы: 2004 жылы Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы мемлекеттік мекемесі зерттеген. Қорым алғаш 05.10.2004 жылы Маңғыстау облыс әкімиятының №197 қаулысымен мемлекеттік қорғауға алынған.
Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді.
Мұндағы бұлақ суы өзағысымен төмен барып жылғаға құйылады. Шатқалдың ұзындығы 1,5 шақырым шамасында. Бұлақ бойында сирек және реликтті емдік өсімдіктер және ағаштар өсіп тұр. Шатқал айналасында энеолит кезеңінің және е.т. дәуірінің ескерткіштері мол орналасқан. Шатқал аумағы – 6 га.
Тарихи-деректер, аңыз-әңгімелер: Маңғыстаудың шеті жоқ ащы және кермек сулы құдықтары мен бұлақтарының арасындағы тұщы сулы бұлақтар бұл өңірдің тіршілік атаулыға нәр беретін нағыз байлықтары болып табылады. Ыстық кезеңдерде су көздерінің көп бөлігі кеуіп кетеді. Самал сайындағы шағын бұлақ көзі қысы-жазы ағып жатуымен ерекшеленеді. Сай ішінде бағзы замандардан бері долана, тікенді қара өрік, қамыс ағаштары және түрлі емдік шөптер өседі, олардың кейбіреулері Қызыл кітапқа енгізілген. Бұлаққа кіре берісте-ақ, жалбыздың хош иісі мұрныңа келеді. Жаңа ғана құрғақ та, ыстық айдала, кенеттен жап-жасыл шөптер мен сылдыраған салқын самал бұлақты, жанға рахат жерге тап болғанда, не істеріңді білмей, абдырап қаласың.
Дерек көзі:
Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары –Астана: Фолиант, 2017 г., 341 бет;
Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағатының материалдары.
Оқылған саны: 7713
Бейне-материалдар
Маршрут
Саура сайы
Махтум баба мешіті
Алғаш рет 25.03.1982 жылы Халық депутаттарының Маңғышлақ облыстық кеңесі атқару комитетінің №121 шешімі бойынша мемлекеттік қорғауға алынған. Шатқалда (1851 ж. мамыр айында) Т.Г.Шевченко болған және зираттың бір көрінісінің суретін салған. Осыған орай шатқал жарларының бірінде ескерткіш тақта орнатылған....