Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Саура сайы

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақтау қаласынан 80 км солтүстік-батыс бағытта орналасқан.

Координатасы: N 44° 13' 21.31" E 50° 48' 33.12" 

Ескерткіштің сипаттамасы: Алғаш рет 07.05.1993 жылы облыс әкімінің №487 шешімімен мемлекеттік қорғауға алынған. Саура жерінің туристік тартымдылығын арттыру мақсатында 2014 жылы археолог А.Астафьевтің жетекшілік етуімен Саура бекінісіне археологиялық зерттеулер жүргізілді.

Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді.

Саура бекінісінің қираған үйіндісі бұрыннан белгілі. Бекініс қабырғаларының қалдықтары 30 м созылып жатқан шойын тас үйінділеріне айналған. Сай түбінде сулы сазды мергель қабаттарынан аққан бұлақтардан жиналған тұнық сулы Қаракүп көлі орналасқан. Көлдің тереңдігі 5 метр. Бұл жерде бір топ су тасбақалары  мекендейді. Тас қабаты бөлшектері және табылған кремний бұйымдары мен мыс өнімдерінегізінде бекініс қола дәуірі деп белгіленді.

Археологиялық зерттеулер жергілікті археологтардың күшімен жүргізілді. Қазба жұмыстарының алғашқы кезеңінде құрылыс қабаттарының тас қирандылары толық аршылып, құрылымдық жоспар жасалды. Кейін тас үйінділерін кезең бойынша анықтау жұмыстары жүргізіліп, олардың құрылымы зерттеліп, көптеген қималары сызбаға түсірілді. Үйінділерді тазарту барысында ерте темір дәуіріне жататын нашар сақталған ересек әйелдің мәйіті табылды. Қабірден екі қыш ыдыс, темір пышақ, бірнеше моншақтар мен ұршыққа арналған ауырлық тастары табылды.

Ежелгі қабаттар деңгейінде, бүкіл бастапқы құрылыстың іргетастары жетерліктей анықталуы негізінде фортификациялық құрылыстың толық құрылымы айқындалды. Зерттеу соңында археологтар ескерткіштің табиғи бет-бейнесін қалыптастыруға тырысты.

Алғашында сырты қабыршақты плиталармен қапталған бекініс қабырғалары тұрғызылды. Жоспарда қабырғалары ішкі және сыртқы екі бұрыштары иректеле майысқан пішінді болып келеді. Ішкі бұрышынан желдеме ойығы қалдырылып, сыртына қарай тікбұрышты қалың қабырғалы бөлме салынған. Бекініс қабырғалары кіреберісінен жәнеүйінділер арасынан бекініс уақытын – қола дәуірі (б.э.д. 2 мыңжылд ортасы) деп шамалаған археологтардың алғашқы болжамдарын нақтылайтын қыш ыдыстардың бірнеше бөлшектері табылды. Бекініс ұзақ тұрмаған, жер сілкінісі нәтижесінде құлап қалған. Саура бекінісі – Арал- Каспий аймағы территориясында  алғаш зерттелген қола дәуірінің фортификациялық объектісі.

Саура бекінісіндегі ең маңызды табылған заттардың бірі кіре беріс плитларының біріне салынған геометриялық фигураның суреті болып табылады. Сурет қызыл минералды бояумен салынып, 21 ұяшықтан тұратын торды құрайды. Бұл сурет тылсым дүние мағынасын білдіруі мүмкін.

Зерттеудің екінші кезеңінде, археологтар бекініс құрылысы қабаттарын қайта қалпына келтіруге тырысты. Сондай-ақ олар барлық іргетастарды сол қалпында сақтап, табиғи тастармен қаланған жаңа қабатпен жапты.

Тарихи-деректер, аңыз-әңгімелер: Саура шатқалы – ғажайып әлем. Қалың өскен жұпаргүлді жыңғылдар көмкерілген бұралаңдаған сүрлеу жол бойымен төңірегін әсем жартастар қоршаған, оның етегінен аққан бұлақтардан құралған айдың көлге келуге болады. Алуан түрлі өсімдіктермен көмкерілген айдын көл тек осы жерге тән батпақ тасбақаларының тұрақты мекеніне айналған. Суретке түсіретін, не бейнеге түсіретін камерасы бар туристерге айдын көл мен хош иісті өсімдіктердің саф ауасымен рахаттана тыныстап, тасбақалардың тіршілігін қызықтап қарауына мүмкіндігі бар. Туристер тау шатқалының бастауында өсіп тұрған биік ағаштың көлеңкесінде демалуына болады.

Дерек көзі:

1. Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағаты материалдары;

2. Маңғыстау экотуризм журналы.


Оқылған саны: 8701

Самал сайы

2004 жылы Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы мемлекеттік мекемесі зерттеген. Қорым алғаш 05.10.2004 жылы Маңғыстау облыс әкімиятының №197 қаулысымен мемлекеттік қорғауға алынған....


Махтум баба мешіті

Алғаш рет 25.03.1982 жылы Халық депутаттарының Маңғышлақ облыстық кеңесі атқару комитетінің №121 шешімі бойынша мемлекеттік қорғауға алынған. Шатқалда (1851 ж. мамыр айында) Т.Г.Шевченко болған және зираттың бір көрінісінің суретін салған. Осыған орай шатқал жарларының бірінде ескерткіш тақта орнатылған....


Қыз әулие кесенесі

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді. Осы Есет елді мекенінде әулие саналып, киелі орындарға айналған жерлер бар....


Қошқар атадағы қошқар мүсіні

Қорым алғаш Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1974 жылғы 6 маусымдағы Қаулысымен мемлекеттік қорғауға алынған. Кейін 25.03.1982 ж Халық депутаттарының Маңғышлақ облыстық кеңесі атқару комитетінің №121 шешімі бойынша жергілікті дәрежеде мемлекет қамқорлығына алынды....


Кенті баба қорымы

Ескерткіш 1979 жылы Қазақ КСР Мәдениет Министрлігінің экспедициясымен зерттелді. Қорымға 1983, 2005, 2013, 2014 жж ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізілді....


Бозжыра тауы

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді....


Booking.com
Страницы: 12345678