Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Тілеміс қорымы

Орналасқан жері: Тілеміс қорымы XVIII - XX ғасырлар  Боранқұл ауылынан шығысқа қарай 92,5 км жерде орналасқан.  

Координатасы: N 0460 07, 541; ´ E 0550 58, 486´ 

Ескерткіштің сипаттамасы: Қорымда 40-қа жуық объект бар. 15 ескерткіш мемлекеттік есепке алынған. Оның ішінде: 2 күмбезтам, 1 сағанатам, 1 сағанатам мен құлпытас, 1 пирамидасы бар құлпытас (төрттас), 5 қойтас және 5 құлпытас. Барлық күмбезтамдар жоспары бойынша төртбұрышты, порталды-күмбезді түрі. Күмбезтам №1 қорымының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Күмбезтам жоспарда тікбұрышты етіп қаланған, табан тасқа орнатылған қабырғаларының ортасы жартылай өңделген орташа пішіндегі ұлу тастармен толтырылып, сыртынан төртбұрышты плиталармен көмкерілген. Жоғарғы бөлігі шеңбер тәрізделе қашалған. Кірісі оңтүстікке бағытталған. Қабырғаларында жануарлардың бейнелері, тұрмыстық заттар және арабографиялық жазулар бар. Өлшемі: 613 х 634 х 535 см. Қорымның солтүстік-шығыс бөлігінде №1-ші күмбезтамға ұқсас тағы да 1 жартылай қираған күмбезтам №8 бар. Өлшемі: 402 х 367 х 351 см. Сағанатам №11 қорымның солтүстік бөлігінде орналасқан. Сағанатам өңделген плиталардан қапталып, ортасына саз балшық толтырылып, жоспарда тіктөртбұрышты пішінде қаланған. Оңтүстік қабырғасын сәл көтеріңкі етіп, сол қабырғасынан ойық шығарылған. Өлшемі: 502 х 346 х 208 см. Барлық объектілердің материалдары: құмды әктас. 

Дерек көзі: "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының" мұрағаттық құжаттары. 


Оқылған саны: 324

Қарақабақ қалашығы

Қарақабақ қалашығы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылынан солтүстікке қарай 25 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Көбен жерасты мешіті

Көбен жерасты мешіті, XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басы, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Қызылсай ауылынан 23,5 км солтүстік бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қайнар бекінісі

Қайнар бекінісі, орта ғасырлық, Бейнеу  а.-нан СШ-қа  қарай 120 км, Тұрыш а.-нан С қарай 81 км жерде. ...


Ырғызбай қорымы

Ырғызбай қорымы XVIII - XIX ғасырлар (архит.). Боранқұл ауылынан батысқа қарай 85,5 км жерде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қалнияз қорымы

Қалнияз қорымы, ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы, Бейнеу ауылынан 24 км  солтүстік-шығыс бағытта орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Шақан қорымы

Шақан қорымы, XIX - XX ғасырлар, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылынан 27 км батыс бағытта орналасқан ...


Booking.com
Страницы: 123456789101112