Нысандар
Картаға енген нысындардың тізімі
Ман ата кесенесі
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Өтес селосынан 40 км
оңтүстік-батыс бағытта, Үстірт қырынан Маңғыстаудың ойына түсетін жолдың
(Қаратүйе-Ман ата жолы) бойында орналасқан.
Координатасы: N 44°5' 53.97" , E 53°10' 45.37"
Ескерткіштің сипаттамасы: Үстіртің қыры мен Маңғыстаудың қара ойын жалғастырып жатқан он төрт құлама жолдың негізгісі «Ман ата» деп аталады. Ертеректе арқарлар мен адамдар ғана жүре алатын жалғыз аяқ жол, уақыт өте келе жүк тиеген керуен өте алатын жолға айналды. Осы құлама жолдың екінші аты - «Қаратүйе-Ман ата». Ман ата – Маңғыстаудың қақпасы іспетті. Күзде арқадан арқаланып, жайлаудан қыстауға түбекке қайтқан көштің Ман атаға жеткендігі, ең алдымен көзге түсетіні – Маңғыстаудың ойындағы Отпан тауының төбесі еді делінетін. Алыстағы мұнар тұманның үстінен төңкерілген қазандай болып жатқан Отпантауды көргенде көшпелілер үйге келгендей қуанатын.
Тарихи-деректер, аңыз-әңгімелер: Түйе жүре алатын жол бірте-бірте кеңейтіліп автомобиль жолына айналды. 50-70 жылдардағы осы жол арқылы ойдан қырға шығып жүрген жүргізушілердің арасындағы аңызда осы жол аса қауіпті деп саналатын. Осы жерде жарқабақтан ұшып кетіп жазым болу, қирап қалу оқиғасы кездесіп тұратын. Осындай қайғылы оқиғалардың болу себебін жергілікті халық тек бір жәйтпен түсіндіретін. Ол – жарқабақтан түсетін жолдың шетіндегі көне бейіт, әулие бейіт еді, көліктердің жолдан шығып, жарқабақтан құлауы оның жүргізушілердің осы бейітте жатқан Ман ата деген әулиеге тәу етпей, бет сипамай кетуінен деп түсінілетін. Осы түсінікке ешкім қарсы шығып, дау айтып көрген емес, өйткені әулиелерге деген сенім қазақтың бойында болуы табиғи нәрсе. Ман атаның Маңғыстаудағы басқа аймақтармен жалғастыратын басты тарихи жолдың бойында тұруы. Ман ата әулиенің тегін қазақ пен түрікпеннің меншіктей алмауына қарап осы әулиенің өте ерте замандардікі деп түсінілуі осы ұқсастықтардың жайдан-жай еместігін, яғни кездейсоқ еместігіне сендіре түседі.
Дерек көзі:
1. Серікбол Қондыбай «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» кітабы 2007жыл.
Оқылған саны: 5254
Бейне-материалдар
Маршрут
Күйеу там кесенесі
Қараман ата қорымы және жерасты мешіті (ХIII–ХIХ ғасырлар)
Құлбарақ батыр кесенесі
Қыдырша ата қорымы (XIX-ХХ ғғ)
Қызылқала қалашығы
Жалпы көлемі 50 гектарға дейін қамтып жатқан Қызылқала қалашығының негізіне Орта Азиялық үлгімен салынған қабырғаларының сақталған биіктігі 2,5-4 метр жуық, жоспары квадрат тәрізді үлкен де мықты қорған 10 ғасыр шамасында салынған. Қорған Хорезм империясының Маңғыстаудағы форпосты болып, келетін керуендердің қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында тұрғызылған. ...
Масат ата қорымы және жерасты мешіті (Х–ХIХ ғасырлар)
Қалмаққа қарсы қанды жорықтар жасаған ерлердің арасында айрықша аталып, дәріптелетін тұлғалардың бірі Масат ата болған. Масат ата Маңғыстауға Хорасаннан Мешхед қаласынан келген. Түбек жерінде ислам дінінің орнығуына атсалысқан белгілі тұлға, елін жаудан қорғаған батыр болыпты. Қарудың ешбір түрі дарымайтын, қасиетті адам болған. ...