Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Досан Тәжіұлы кесенесі

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шебір селосынан, 15 км оңтүстік-шығыс бағыттағы Қаратөбе қорымы.

Координатаcы: N 44°45' 51.29" , E 52°16' 7.48"   

Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш алғашқы рет 1980 жылы ҚазССР Мәдениет  министрлігі  экспедициясымен зерттелген. Қорым Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің №38 Қаулысы бойынша 20.01.1982 жылы Республикалық дәрежеде мемлекет қамқорлығына алынған. Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы бастаған 1870 жылдың көктемінде бұрқ ете түскен Маңғыстау қазақтарының патшалық Ресей отарлаушыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі – тарихи маңызы зор оқиғалардың бірі. ХІХ ғасырдағы патша отарлаушыларына қарсы көтерілістер ішіндегі ең бір елеулісі. Досан Тәжіұлы – халық батыры, патша үкіметі тарапынан туындаған қысымға қарсы шыққан көтерілістің шынайы ұйымдастырушысы және оның қолбасшысы.

Тарихи деректер, аңыз-аңгімелер: Досан Тәжіұлы 1829 жылы Маңғыстаудағы Бозашы түбегіндегі Жиделі деген жерде дүниеге келген. Оның ауылы Хиуада, Көне Үргеніш пен Қоңыраттың арасында орналасты. Досан бастаған сарбаздар қазақ халқына алым-салық төлету үшін келген подполковник Рукиннің жазалаушы отрядын Үшауыз деген жерде тас-талқан етіп жеңеді. Кавказдан жіберілген жазалаушы отрядпен кескілескен шайқас жүргізе отырып, Хиуа хандығына өтіп кетеді. Үстіртке қоныс аударып, Сам құмында отырған Досан ауылын 1874 жылы Ресей үкіметінің Аничкин бастаған іздеуші жасағы қапыда қоршап алып, жаралы батырды қолға түсіреді. Досан Форт түрмесінде 2 жылдан кейін қаза тапты. Досан батырдың сүйегін туған жері Бозащыға Жанғабыл (халық ақыны Сәттіғұл Жанғабыл ұлының әкесі) бастаған бір топ азаматтар жеткізген. Досан батырдың ерлігін Ақтабан, Бала Ораз, Қалнияз, Сәттіғұл ақындар жырға қосқан. Халық Досанды өте шапшаң, найзагер, ерлігі ақылына сай айрықша жаратылған жан ретінде сипаттайды. Ел аузындағы аңыздар бойынша, «құйғытып шауып келе жатып, тақыр жердегі қойдың құмалағын жармай шаншып алып кетеді екен», «атқысы келіп көздегендерге ол бірнешеу болып көрінеді екен» деген әңгімелер өте көп. Тәуелсіздік үшін патша отарлаушыларына қарсы күрестуын Маңғыстауда тұңғыш көтерген Досан мен Иса есімдері егеменді ел атанып жатқан қазіргі заманда өздерінің туған жері Маңғыстау топырағында ең бір қасиетті, ең бір қастерлі есімдер болуға лайықты екені даусыз.

Дерек көзі: «Арал-Каспий  аралығы  тарихи-мәдени ескерткіштеріндегі араб графикалы  мәтіндердің  анықтамалығы» Н.А. Құлбаев 2015 ж.  

 


Оқылған саны: 11416

Ержан хазрет жерленген жер

Ұстаудан босанып келген соң жергілікті тұрғындардың өте жоғары дәрежедегі сұранысына сай өкімет тарапынан рұқсат етілген бірден-бір діни дәстүр – қаза болғандарды мұсылман шариғатына сай жерлеу ісімен айналысты. Өмірі бойы өз білімін өсірумен болды, көп жерлерден діни кітаптар алдырды. ...


Есен ата жерленген жер

Қорымның аумағына кіре-берісте дәстүрлі қағидаға сай дұғалық орын орналасқан. Ол тас қаландыларымен қоршалған. Мұнда бір ескерткіш тас үйінді түрінде, әрі тік орнатылған ағаш бақанымен ерекшеленген, ал басқасы созылған ұзын шарбақ ретінде орналасқан. ...


Есмамбет әулие жерленген жер

Қорым әр түрлі және әр кезеңге жататын 100-ге жуық ескерткіштен тұрады. Ең ерте кезеңдік ескерткіштер сәулеттік композициялық мәнері бойынша 17 ғ. соңына жатады. Олар негізінен сағанатам, қойтас, құлпытас және мешіт құрылысы. ...


Иса Тіленбайұлы кесенесі

Иса Тіленбайұлы (1829-1909) – халқына даңқы жайылған айтулы батыр, ауызы дуалы шешен, би, ұзақ жылдар ел билеген болыс, серілік құрған, ақындық сөз шығарған жан-жақты өнерпаз тұлға. Ол Адайдың оныншы ұрпағы. ...


Көне Бейнеу қорымы және Бекет-ата жерасты мешіті (ХVIII–ХIХ ғасырлар)

Көне Бейнеудегі Бекет ата жерасты мешіті (ХI-ХIХ ғғ.) тек қана Қазақстан үшін емес, барлық мұсылман әлемі үшін маңызы бар киелі орын. ...


Көркембай ахун мешіті

Ол Маңғыстау өлкесінің  XIX ғасырдағы салынған  құрлыстарының ішінде ең ірісі, әрі сәулет жауһары болған мешіт. Жергілікті ауқатты - бай Ақбота Жеменейдің тапсырысымен салынған. ...


Booking.com
Страницы: 12345678910