Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Аманжол күмбезтамы

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосынан 25 км оңтүстік бағытта орналасқан 

 Координатасы:  N45 06.538; E55 12.649 

Ескерткіштің сипаттамасы:   Күмбезтам жоспарда төртбұрышты дулыға тәрізді күмбезді әсем құрылыс. Цокольды белдікке орнатылған күмбезтамның қабырғалары өңделген плиталармен көмкерілген, күмбез бен портал арасында жартылай өңделген қалақ тастар қалана алдыңғы қабырғасы биіктетілген, жоғарғы жағы үшбұрыштала қашалған төртбұрышты кіріс ойығының айналасына геометриялық өрнектер кескінделген. Цилиндр пішіндерінде қашалған найзатасының жоғарғы төбесіне дейінгі күмбезтамның жалпы биіктігі 6,6 метр. Қазіргі таңда күмбезтамның солтүстік-батыс бұрышының төменгі плита тасы ашылған, артқы қабырғасының жоғарғы жиек тастары қозғалып, кейбірі құлаған, найзатасы құлап, жанында  сүйеулі тұр. Күмбез және қабырға беттерін жұқалап мүк шалған. Күмбезтамға 2014 жылы жаңадан қорғау тақтасы орнатылды. Күмбезтам 2007 жылы мемлекеттік қорғауға алынған.

Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер:   Ескерткіш алғаш рет 2007 жылы маусым айында қорық қызметкерлерінің экспедициясы барысында зерттелген.

Күмбезтамда: Адай руғы Жеменей тайфасы Кенже аймағы Қойсары бөлімі молла Аманжол Малдыбек (Майлыбек?) ұғлы уфат ?? жасында 1292-нші жылда.....? деп жазылған

Дерек көзі: "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ құжаттары. 

Н.А.Құлбаевтың «Арал-Каспий аралығы тарихи-мәдени ескерткіштеріндегі араб графикалық мәтіндердің анықтамалығы» кітабы 1 том Алматы-2015ж. 

 

  


Оқылған саны: 417

Көкетай күмбезтамы

Көкетай күмбезтамы 19 ғ. алғашқы жартысы, Боранқұл  ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде орналасқан. ...


Борқұдық қорымы

Борқұдық қорымы 16-19 ғғ. Борқұдық деген жерде Бейнеу а.-нан ОБ 35 км жерде орналасқан....


Есей қорымы

Есей қорымы 19 ғ. (архит.). Боранқұл а.-нан  Ш бағытта 90 км  жерде орналасқан.  ...


Белдеулі керуен-сарайы

Белдеулі керуен-сарайы, ХІV ғасыр. Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылынан 17 шм солтүстік-батыс бағытта, Бесқұдық жерінде орналасқан....


Алтықұлаш (Қызылқұлаш) некропольі

Алтықұлаш (Қызылқұлаш) некропольі. ХІХ - XХ ғасыр ескерткіш, ансамбльдер мен кешендер. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші.  ...


Әжімұрат (Мәмішқазған) күмбезтамы

Әжімұрат (Мәмішқазған) күмбезтамы, ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы. Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылынан 12 шм оңтүстік-батыс бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Аққұл ишан мешіті

Аққұл ишан мешіті ХIХ ғасыр, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылынан 17 км солтүстік-шығыс бағытта, Сайын жерінде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Booking.com
Страницы: 1234567891011