Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Атақозы батыр кесенесі

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосынан 18 км оңтүстік-батыс бағытта, Көне Бейнеудегі Бекет ата мешітінің солтүстігінде 2 км қашықтықта орналасқан.

Координаталары: N 45°10 44.7” E 55°06 20.6”  

Ескерткіштің сипаттамасы: 1994 жылы жергілікті дәрежеде мемлекет қамқорлығына алынған. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді.

Жоспарда  тас қоршау шала өңделген тастардан төртбұрышты орташа биіктікте,  құлпытас тұтас тастан  жоғарғы бөлігі доға тәріздес, 4 қырлы етіп қашалып  шығарылған. Кейінгі жылдары тас қоршаудың сыртынан қоршай орнатқан жаңа сағанатамды қайта бұздыртып, тарихи ескерткішті сол қалпында қалдырған. Қазіргі таңда, Атақозы батырдың басына биіктігі аласа болып келетін, өңделген ақбор тастан қаланған қима-там орнатқан.  Жаңа үлгідегі темір қоршаумен қоршалып, жан-жақтарына жасыл-желек ағаштар отырғызылған. Сонымен қатар, қара түсті гранит тастан мемориалдық ескерткіш орнатылып, алдыңғы бетінде: «Тәуелсіздік үшін қалмақтармен күресте қол бастаған батыр, 1785 жылы орыс патшайымы Екатерина ханымға халқының талап-тілегін жеткізген белгілі би, Жайық бойы шаруаларының 1773 жылғы Ақ патшаға қарсы көтерілісі мен Сырым Датұлы басқарған 1783 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті жетекшісі» деген жазулар жазылған.

Тарихи-деректер, аңыз-әңгімелер: Атақозы Айтқұлұлы (1704-1794) – Кіші жүзде аты аңызға айналған батыр.  40 мыңдай қазақ, қарақалпақ жасақтарының 1723 жылы қалмақтармен соғысында ерлігімен аты шыққан. 1726 жылы қалмақ ханы Сэрен Дондукке қарсы жорықтарда ерекше көзге түскен.  Еділ, Жем, Үстірт, Маңғыстау қалмақтарымен соғысып, жеңіске жеткен. Ол сонымен қатар белгілі би, шешен кісі болған. Халық аузында батыр туралы және батыр айтты деген көптеген қанатты сөздер сақталған. Атағозы Айтқұлұлы 1783-1797  жылдары болған Сырым Датұлы бастаған  ұлт-азаттық  көтерілісіне де  белсене араласқан. Бұл көтеріліс  негізінен Кіші жүз  халқының Әбілқайырұлы Нұралы ханға деген ашу-ызасының  кемерден  асып-төгілуі  салдарынан болған. 1785 жылы  шілде айында  жиналып  бас қосқан  Кіші  Жүз  қазақтарының  игі-жақсылары  Нұралы ханның  екіжүзділігін  айыптап,  сол кездегі  Ресей патшайымы ІІ – Екатеринаға  хат жазады. Сол талапхатқа  Кіші Жүздің  29 руынан  21  рудың өкілдері – барлығы 55 адамның  қатарында  Адай халқының  еркін  білдірген Атағозы Айтқұлұлы, Өмір Сүйікұлы, Шотан Назарұлы  батырлармен  бірге  Асан  би де қолдарын қойған тарихи құжат сақталған.

Атағозы кейінгі  ұрпақтарға  тек қана  батырлығымен емес, әділ билігімен де  танылып, артына  сөз мұрасын  қалдырған шешен адам болыпты. Ол  Маңғыстау  аймағындағы  қазақтарды басқарып,  сол кезеңдегі Кіші Жүздің  ханы Нұралының  қарауында  қызмет атқарған. Елден ханның түрлі  салығын  жинап тапсыруды бақылаған,  сонымен бірге  хан алдында елдің талап-тілектерін де  жеткізіп отырған.

Заманында бүкіл Маңғыстау өңірінің,  қалың Адай елінің  көреген көсемі,  сөз ұстаған  шешені атанған  Айтқұлұлы Атағозы батыр: «Қайткенде  топтан  торай шалдырмаймын,  елімді бөтен  жауға  алдырмаймын?» - деп артына  ұлағатты  сөз қалдырған,  жаугершілік заманда  туып, талай-талай  қиян-кескі ұрыстарды  басынан өткерген,  талай рет  шыбын жанды  шүберекке түйіп,  ел шетіне  жау келгенде  бойына бес  қаруын асынып  қол бастаған  хас батыр, Адай елінде: «Маңғыстаудың  қара ойынан Айладыр жұртын бостырған Айтқұл Атағозы  батырдың сұсы,  Жары Шотан батырдың  мысы, Құнанорыс Ылабақ палуанның күші, Ескелді Саназар байдың тіл таңбалы  күрең атының  тұяғының  ұшы» деген қанатты  сөз  мәтелге айналған. Осы сөз  тарихи шындық  мағынаға  иелік  ететіндігіме  ұрпақтан ұрпаққа  желі тартып  бүгінгі күндерге  сол күйінде жеткен. Дәрігер-ғалым, қоғам қайраткері Х.Досмұхамбетұлы өзінің “Аламан” атты жинағында оның есімін қазақтың атақты билері қатарында атайды.

Дерек көзі:

1. Жетібай Жылқышыұлы «Адай шежіресі» 1 том, Алматы 2014 ж.;

2. Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағат материалдары.


Оқылған саны: 5850

Қызылсу қорымы

Қызылсу қорымы,  Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Сенек ауылынан солтүстікке қарай 21 шм жерде орналасқан...

Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы, "Қор" бөлімінің құжаттары

Ұлыкіндікті діни-қабірлеу кешені

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылынан 35 шақырым солтүстік бағытта орналасқан. 1998 жылы анықталды. 2005 жылы археолог А.Астафьевтің жетекшілігімен Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы қызметкерлері археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. ...


Уәлі қорымы

Уәлі қорымы Өтес селосынан солтүстік-шығысқа қарай 60 шақырым жерде, 180 шақырымдық Өтес – Бейнеу ауыл аралық жолының маңында орналасқан. ХI-ХХ ғғ. Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Өтес селосынан солтүстік-шығысқа қарай 60 км  қашықтықта орналасқан. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіш....


Ортағасырлық Қызылқала қалашығы

Қызылқала қалашығы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кентiнен 20 км солтүстiк бағытта Ақмыш бұлағының маңайында орналасқан....


Қырғын қорымы

Қырғын қорымы Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы  Жетібай ауылынан 5км батыс бағытта орналасқан.  ХIХ-ХХ ғасырлар,  Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіш. ...


Шерқала тауы (X – XIII ғғ.)

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 279 қаулысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді....


Ұлыкіндікті кешені

1998 жылы анықталды. 2005 жылы археолог А.Астафьевтің жетекшілігімен Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорық қызметкерлері археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген....


Booking.com
Страницы: 1234567