Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Айтман қонысы

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылының солтүстік шығыс жағында 134 шм, Тұрыш ауылынан солтүстік шығыс қарай 43 шм жерде орналасқан  

Координатасы: N045^45.400; Е056°40.300 

Ескерткіштің сипаттамасы: Қоныс шың-кемердің мүйісіне қарай шығыңқы жерде орналасқан, табиғи сипаты жағынан ешқандайда зақымға ұшырамаған. Бөлме орындарының қазан-шұңқырлары дөңгелек пішінді және құрлықтық топырақ қабатына қазба жүргізілген. Қабырғасы ірі- ірі жалпақ тастарды тігінен қою арқылы қаланып, олардың үстіне, көлденеңінен көлемі кішілеу жалпақ тастар қойылған. Бөлме іші ошақпен жылытылған. Басты құрылыс материалы ұлутас пен әктас. БҚАЭ қонысты зерттеу барысында 1997 ж. оның үстіңгі қабатынан бөлшектелген   2 ыдыс сынығы табылған. Ыдыс жасау, оны пішіндеу технологиясы, қыш бетіне өрнек салу дәстүрі Тоқсанбай қонысының материалдарына балама болып табылады. Си сараптамалық талдауы бойынша алынған дата б.з.д. 18-17 ғғ сәйкес келеді. Ескерткіш  Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған.  

Тарихи деректер мен аңыз-әңгімелер:  ҚР ҰҒА АИ Батыс Қазақстан археол. экспедициясы 1997 ж. зерттеген. 

Дерек көздер: 

1. ҚР ҰҒА АИ Батыс Қазақстан экспедициясының барлау жасағының 2000 жылғы есебі. Қазақстан ҰҒА АИ мұрағаты; Батыс Қазақстан экспедициясы 1992 ж. есебі. ҰҒА АИ мұрағаты. Т.Н. Лошакова 

2. Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қоры, архив қоры  (ескерткіш паспорты).

 


Оқылған саны: 17

Ақпан ғибадатханасы

Ақпан /Сартай/ ғибадатханасы, ерте темір дәуірі., (археол)  Тұрыш ауылынан солтүстік батысқа қарай 25 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Амандық қорымы

Амандық қорымы, ХІХ ғ. басы,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 106 км, Ақжігіт ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 49 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Тоқсанбай араны

Тоқсанбай араны, орта ғасыр, Бейнеу ауылынан солтүстік шығысқа қарай 127,8 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Күш қорғаны

Күш қорғаны, (ерте темір дәуірі), Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Төлеп ауылынан оңтүстікке қарай 14  км жерде орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қарақабақ қалашығы

Қарақабақ қалашығы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылынан солтүстікке қарай 25 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Жезді қорымы

Жезді қорымы, ХІХ-ХХ ғғ.,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан солтүстік шығысқа қарай 100 км болатын жердегі, шағын биіктіктегі төбе үстінде орналасқан. ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Страницы: 12345678910111213