Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Балуанияз Мүсірепұлы кесенесі

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек селосынан 100 км шығыс бағытта орналасқан.

Координатасы: N 43°23' 34.30, E 54°33' 40.73  

Ескерткіштің сипаттамасы: Балуанияз (1818-1856 жж.) – Адайдың Келімберді-Шыбынтай атасынан тарайтын батыр. Маңғыстау адайлары мен түрікмен тайпалары, Хиуалықтар арасындағы соғыстар да ерекше көзге түскен, Балықшы руының батыр атағын алған тұлға.

Тарихи деректер, аңыз-аңгіме: Балуанияз батырдың ерлігі елін сыртқы жау шапқыншылығынан қорғауда танылған. Екі ғасыр бұрын Ресей патшалығы және Хиуа хандығының қыспағында қалған Маңғыстау халқы екі елдің отарлау, басқыншылық саясатына да батыл қарсылық танытып отырған. Сол тарихи оқиғалардың бірі – Қараған-Босаға қырғыны. 1856 жылы көрші елдің басқыншылары тұтқиылдан шабуыл жасап, бейбіт жатқан қазақ жеріне баса көктеп кіріп келіп, ойран салады. Тыныштықта өмір сүріп жатқан қазақтарды жазықсыздан-жазықсыз қызыл қанға бөгіп, ұлдарын құлдыққа, қыздарын күңдікке алып, малдарын айдап елдеріне қайтады. Мұндай озбырлыққа шыдамаған қазақтың халық батыры Балуанияз

Мүсірепұлы Адайдың алпыс батырын бастап, дұшпанға қарсы шығады. «Ебелектің елу аңғары», «Қараған босаға» жерінде өздерінен үш есе көп қарсыластарының 200 әскеріне тойтарыс беріп, тізе бүгуге мәжбүретіп, 10 мыңдай адамды, малды аман алып қалып, елге жеңіспен оралған екен. Сол қанды шайқаста отыз сегіз жастағы бас батыр Балуанияз бен інісі Қорғанбек, серіктері Майлыбай, Ораз, т.б. батырлар шейіт болады. Сол қаза тапқан Қараған Босаға жеріне жауынгер серіктерімен жерленген. Қараған Босағаның ескі атаулары – Қалмақүйген, Қараоба (Қалмақ үйген қараоба болуы да мүмкін). Қазір бұл төбе батырдың атымен аталады. Осы сапарда Балуанияз батыр мінген құла атжау қолында кетеді. 11 айдай қараңғы қорада қамап ұстаған арғымақты далаға шығарып, аунап-қунауына жағдай жасаған тұста тұлпар босап кетіп, құрсаудан шығып, Маңғыстауға тартады. Жануарға ие бола алмаған қуғыншылар сан соғып қала береді. Сол кезде Балуанияз батырдың жылдық асын беруге дайындық жүріп жатқан еді. Киелі жануар арада қанша уақыт өтсе де, иесі тұрған жерге іздеп келіп құлап, жан тәсілім етеді. Мұндай құбылысқа риза болған жұртшылық көздеріне жас алып, батырдың тұлпарын адамша жерлеу рәсімін өткізеді. 1856 жылғы Хиуа ханының басқыншылығынан Маңғыстаудағы Адай тайпасын азат еткен, Қазақтың қаһарман батырларының сардары, балықшы Балуанияз батыр Мүсірепұлының соңғы жорығы туралы жыр мәңгі ел жүрегінде. Сол жырдағы Адайдың алпыс батырын қазақ халық шежірешісі ақыны Өмірзақ Қалбайұлы Сабыр-жырау Селбай ұлынан естіп, анықтап,жазып алған. Жорық жыршысы Қалнияз жырау Шопықұлы «Балуанияз батыр» атты дастан тудырып, Тұрмамбет батыр, Балта палуан, ту ұстаушы Асар сұпылардың есімдері менерліктерін жырға қосады.

Дерек көзі: Маңғыстау газеті 17.04.2008 ж.Тарихи-табиғи ескерткіштері (мақала).

 


Оқылған саны: 10730

Ақпан ғибадатханасы

Ақпан /Сартай/ ғибадатханасы, ерте темір дәуірі., (археол)  Тұрыш ауылынан солтүстік батысқа қарай 25 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Амандық қорымы

Амандық қорымы, ХІХ ғ. басы,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 106 км, Ақжігіт ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 49 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Айтман қонысы

Айтман қонысы, қола дәуірі,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылының солтүстік шығыс жағында 134 шм, Тұрыш ауылынан солтүстік шығыс қарай 43 шм жерде орналасқан  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Тоқсанбай араны

Тоқсанбай араны, орта ғасыр, Бейнеу ауылынан солтүстік шығысқа қарай 127,8 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Күш қорғаны

Күш қорғаны, (ерте темір дәуірі), Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Төлеп ауылынан оңтүстікке қарай 14  км жерде орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қарақабақ қалашығы

Қарақабақ қалашығы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылынан солтүстікке қарай 25 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Жезді қорымы

Жезді қорымы, ХІХ-ХХ ғғ.,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан солтүстік шығысқа қарай 100 км болатын жердегі, шағын биіктіктегі төбе үстінде орналасқан. ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Страницы: 12345678910111213