Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Бесшымырау қорымы

Орналасқан  жері: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,  Бейнеу ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 90 шм, Ақжігіт ауылынан оңтүстікке қарай 40 шм жерде орналасқан. 

Координатасы: N 044^39.167; Е 055°57.460. 

Ескерткіштің сипаттамасы: Қорымда орналасқан 100-ден астам ескерткіштер арасынан 34 ескерткіш мемлекеттік тізімге алынған.  Олар күмбезтам -1, сағанатам, құлпытас-10, Сағанатам -3,  Құлпытас -3,  Құлпытас, қойтас -8,  Құлпытас, тас қоршау- 4, Қойтас-5 болып келеді.  Сәулет ескерткіштерінің кіші формадағы түрлері құлпытастар, қойтас және тас белгілер көптеп кездеседі. Күмбезтам, сағанатамдар Маңғыстау өлкесіндегі сәулет ескерткіштерінің құрылыс салу дәстүріне тән, 3 қабатты болып келген. Күмбезтам жоспарда тік төртбұрышты, қабырғасы үш қабатты. Күмбезтамның ішкі қабырғасының жоғарғы жағын айналдыра қошқар мүйіз оюы боялған. Қабырғаларында тұрмысқа қажетті ыдыс-аяқ киім-кешектер бейнеленген. Қоршаулар өңделмеген тастардан қаланған, кей жерлерінде тігінен жерге қадалып қойылған. Қоршауы, жол сілтегіші орнатылмаған. 2014 жылы қорымға жаңадан қорғау тақтасы орнатылды. Ескерткіш  Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған. 

Тарихи деректер мен аңыз-әңгімелер: Қорымның құрылуы және қалыптасуы туралы тарихи деректер жоқ. 1999 жылы маусым айында  Д.М.Кұлұмбаев басқарумен экспедиция зерттеу жұмыстарын өткізген.  2007 жылы «Көшпенділердің мәдени мұра мәселелері бойынша ҚазҒЗИ» экспедициясы кезінде зерттеу жұмыстарын жүргізген. Елдің айтуы бойынша бұл адайдың, түрікменадай бөлімінің қорымы. 

Дереккөздер: 1.Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қоры, архив қоры (ескерткіш паспорты). 

2. «Көшпелілердің мәдени мұра мәселелері бойынша ҚазҒЗИ» экспедициясының (2007ж) материалдары. Т.Н. Лошакова

  


Оқылған саны: 13

Қалдыбай қорымы

Қалдыбай қорымы, 18-19 ғғ. (архит.).  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылынан шығыс бағытта 83,4 км, Желтау тауынан оңтүстік-батысқа қарай 16,5 км жерде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Тоқсанбай қонысы

Тоқсанбай қонысы, ерте қола дәуірі, (археол.). Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 140 км, Тұрыш ауылынан солтүстік-шығысқа 48 км жерде орналасқан. ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Иманбай кесенесі

Иманбай кесенесі, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,Төлеп ауылынан солтүстік шығысқа қарай 18 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Жезді қорымы,

Жезді қорымы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 100 км болатын жердегі, шағын биіктіктегі төбе үстінде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Ақпан ғибадатханасы

Ақпан /Сартай/ ғибадатханасы, ерте темір дәуірі., (археол)  Тұрыш ауылынан солтүстік батысқа қарай 25 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Амандық қорымы

Амандық қорымы, ХІХ ғ. басы,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 106 км, Ақжігіт ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 49 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Страницы: 1234567891011121314