Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Борқұдық керуен сарайы ( Ерсары ахун мешіті)

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан 40 шм оңтүстік-батыс бағытта орналасқан. 

Координатасы: N 45 04 345; Е 54 57 878

Ескерткіштің сипаттамасы: ХVІ -ХІХ ғғ. Борқұдық қорымынан шығысқа қарай 500 м жерде орналасқан. Мешіт таяз жыраның оң жағында орналасқан. Жыра арнасымен жылғаланып көктемде қызыл су мен мол жаңбыр суы ағады. Маңайдағы бөгет іздері, ертеректе бұл жерде мол су қоры жинастырылып, пайдаланылғанын байқатады. Мешітте ауыл балаларына Ерсары ахун деген кісі дәріс берген. Арнаның төменгі жазық бөлігінде суару жүйесінің арналары сақталған. Мешіт құрылысының пішіні тікбұрышты түрде, көптеген шағын бөлмесі мен ішкі ауласы бар. Қабырғалары шикі кесектен тұрғызылып, ұлутастың кесілген жалпақ тастармен қапталған. Оңтүстік-батыс бөлігінде 1 бөлмеде пеш құдығы, ал осы бөліктің қасбетінде - өрнекті, әшекейлі, далпақ тас сынықтары сақталған. Мешіттің төңірегінде қоршау қабырғасының ирек тұрпаты сақталған. Қоршаудың кейбір жерлерінде шеңбер бойымен қазылған диаметрі әртүрлі шұңқыр кездеседі. Олардың ішіндегі ең ауқымдысының диаметрі 10 м. Мешітке жақын жерде бірнеше ескі құдық бар, олардың суы әлі күнге дейін тартылмаған. Аталған ескерткіш Маңғыстаудың өзге аймақтармен арада болған көне байланысын айғақтап тұр.

Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер:  Мешітте ауыл балаларына Ерсару ахун деген кісі дәріс берген. 2020 жылы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің  мемлекеттік тізіміне енгізілген.

Дерек көзі: "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ құжаттары.

 


Оқылған саны: 2336

Көкетай күмбезтамы

Көкетай күмбезтамы 19 ғ. алғашқы жартысы, Боранқұл  ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде орналасқан. ...


Борқұдық қорымы

Борқұдық қорымы 16-19 ғғ. Борқұдық деген жерде Бейнеу а.-нан ОБ 35 км жерде орналасқан....


Есей қорымы

Есей қорымы 19 ғ. (архит.). Боранқұл а.-нан  Ш бағытта 90 км  жерде орналасқан.  ...


Белдеулі керуен-сарайы

Белдеулі керуен-сарайы, ХІV ғасыр. Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылынан 17 шм солтүстік-батыс бағытта, Бесқұдық жерінде орналасқан....


Алтықұлаш (Қызылқұлаш) некропольі

Алтықұлаш (Қызылқұлаш) некропольі. ХІХ - XХ ғасыр ескерткіш, ансамбльдер мен кешендер. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші.  ...


Әжімұрат (Мәмішқазған) күмбезтамы

Әжімұрат (Мәмішқазған) күмбезтамы, ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы. Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылынан 12 шм оңтүстік-батыс бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Аққұл ишан мешіті

Аққұл ишан мешіті ХIХ ғасыр, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылынан 17 км солтүстік-шығыс бағытта, Сайын жерінде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Booking.com
Страницы: 1234567891011