Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Дарханбай (Сары Шоңай) некрополі

Орналасқан жері: Дарханбай (Сары Шоңай) некрополі, Ақжігіт ауылынан 40 км оңтүстік бағытта орналасқан. 

Координатасы:  N 44 39.955; E 55 45.615 

Ескерткіштің сипаттамасы:     Некропольдегі ескерткіштер арасынан 3 ескерткіш күмбезтам, құлпытас және қошқартас мемлекеттік тізімге алынған. Күмбезтам жоспарда тік бұрышты етіп қаланған қабырғалары өңделген плиталармен қапталған, күмбезі дулыға үлгісінде жасалған, тіктөртбұрышты кіріс ойығының жиегі қабырға тегістігінен шығыңқы қашалып, қара-сұр бояумен гүл тәріздес өсімдіктер бейнеленген. Некропольдің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан қошқартастың жоғарғы бөлігі параллелепипед тәрізделе, батыс бағытынан қошқар мүйізін бейнелей қашалған, төменгі бөлігі трапеция пішінінде болып келіп, екі сатылы тасқа бекітіліп, табантасқа орнатылған. Қошқартастың солтүстік-шығыс бөлігінен орнатылған үштастың жоғарғы тасы алдыңғы-артқы бөліктерінен сүйірлене пішінделіп қашалған. Некропольдің орталық бөлігінде орналасқан порталды сағанатамның құрылысы жартылай бұзылған, 4 қырлы құлпытасы бекіту тасынан қозғалып, қисайып тұр. Қабіртастарда кескінделген араб эпиграфикасы және әр түрлі таңбалар кездеседі. Некропольдегі күмбезтамның солтүстік-шығыс қабырғасының бір плита тасы құлаған, артқы солтүстік-батыс цокольді белдігінің тастары сынған, іргетас топырақтары ашылған. Қазіргі таңда қошқартас табантасынан қозғалған, табантасы ортасынан сынып бөлінген, қошқартастың және үштастың жиек-қырлары қатты мүжілген, тас беттерін мүк басқан. 2007 жылы қорым мемлекеттік қорғауға алынған. 

Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер:  Ескерткішке алғашқы рет 2006 жылы қыркүйек айында қорық қызметкерлерінің экспедициясы барысында зерттеу, құжаттандыру жұмыстары жүргізілген.

1. Күмбезтам: 1307 Дауыл баласы Тәжібай, Салқанбаз Қалабай, Тәжібай, Назар, Балғабай, қараш-Әйтімбет.

Құлпытас: Адай руғы Тобыш тайфасы Қараш бөлімі Жампос ұғлы Есенгелді деп білесіз , жаздырды ибн елу ұстасы Жаншора ибн Аманжол деп білесіз бір фатиха үш құлху Аллах оқып бинәсіне 1320-шы жылда.  86 жасында 1311. 

Құлпытас: Адай руы Қараш тайфасы Есенқара Жайлы Төле уфат 72 жасында жаздырды баласы Төлеш мырза. Рухына фатих.

Дерек көзі: "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ құжаттары. 

Н.А.Құлбаевтың «Арал-Каспий аралығы тарихи-мәдени ескерткіштеріндегі араб графикалық мәтіндердің анықтамалығы» кітабы 1 том Алматы-2015ж.   


Оқылған саны: 5

Аққұл ишан мешіті

Аққұл ишан мешіті ХIХ ғасыр, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылынан 17 км солтүстік-шығыс бағытта, Сайын жерінде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Манашы некрополі

Манашы некрополі, ХVII - ХIХ ғасырлар, Бейнеу ауылынан 25 км оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Құсшы-ата некрополі

Құсшы-ата некрополі, ХV - ХIХ ғасырлар, Тұрыш ауылынан 35 км оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Есетмола некрополі

Есетмола некрополі, ХІV - ХІХ ғғ; Бейнеу ауылынан 65 км солтүстік-батыс бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Бесшымырау некрополі

Бесшымырау некрополі, Ақжігіт ауылынан 42 км оңтүстік бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Атан-Таған некрополі

Атан-Таған некрополі, Бейнеу ауылынан 9 км оңтүстік-батыс бағытта орналасқан ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Booking.com
Страницы: 12345678910