Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Ержан хазрет жерленген жер

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылынан 30 км солтүстік-батыс бағытта орналасқан.

Координатасы: N 44°26' 16.74" , E 51° 8' 8.46"  

Ескерткіштің сипаттамасы: Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді.

Тарихи-деректер, аңыз-әңгімелер: Аса көрнекті дінбасы Ермұһаммед Төлегенұлы, халыққа танымал есімі – Бектеміс Ержан Хазрет, 1887 жылы қазіргі Маңғыстау облысының Керел жерінде дүниеге келген. Бастапқы білімді жергілікті мектептен алады, кейін Бұқара қаласындағы «Көкілташ» медресесіне түсіп, оны 1926 жылы ұстаздық мамандығы бойынша бітіреді. Осы жылдан бастап туған өлкеде ағартушылықпен айналысады.

Кеңес өкіметі тарапынан үнемі қуғын көреді, 1932, 1936, 1937 және 1941 жылдары тұрғындар арасында Кеңес өкіметіне қарсы насихат жүргізгені, дін таратумен айналысқаны үшін бірнеше рет сотталады, соңғы соттың үкімімен еңбекпен түзеу колониясына он жылға жіберіледі. Өмірінің соңына дейін арнаулы ұйымдардың астыртын және жартылай жария қадағалауында болады.

Ұстаудан босанып келген соң жергілікті тұрғындардың өте жоғары дәрежедегі сұранысына сай өкімет тарапынан рұқсат етілген бірден-бір діни дәстүр – қаза болғандарды мұсылман шариғатына сай жерлеу ісімен айналысты. Өмірі бойы өз білімін өсірумен болды, көп жерлерден діни кітаптар алдырды. Айналасына білімге ұмтылған азаматтарды жинады, олармен кездесу жақын-жуықтық сылтауымен, немесе үлкенге сәлем беру дағдысының тасасында ұйымдастырылды, көбінесе жасырын жағдайда, түн мезгілдерінде өтті. Діни ғұрыптарды атқаруға, білімді көтеруге арналған нұсқауларды, көмекші құралдарды үнемі дайындап, қолжазба күйінде таратты.

Ислам дініне өте терең сенімде болды, мұсылман әдебіне сай қарапайым, кішіпейіл мінезді еді, бірақ адамдар арасындағы руханиятсыздыққа мүлдем ымырасыздық та көрсетті. Көп сөйлемейтін, бірақ ретті жерде тауып айтатын. Қасиетті Құранның ережелерін, ұстаздарының талаптарын мүлтіксіз орындайтын. Мысалы, нақышбандийа тарихатының басты қағидаларының бірі – отбасыңда отырып Отаныңды, тіпті Әлемді ойла талабын өзі де атқарды, айналасына да еге білді, тыныш да бақытты өмір сүру үшін көрші халықтармен тату болуға үгіттеді. Ол сексенге қараған шағында қайтыс болғанда арнайы қарасына жиналған Маңғыстауда тұратын кавказдықтар Әулиенің мүрдесін қорымға көтеріп апару құрметін сұрап алды. Хазреттің өмір сүру дағдысы, оның ұстанған бағыты, қалдырған сөздері Маңғыстаулықтар үшін аталық өсиет, қасиетті қағидат болып қалыптасты.

Жасы ұлғайған шағында Хазрет Шақпақ атадағы жартастан қашалған көне сопылық жайдың маңынан қоныс тепті. Шақпақ ата мекені көне де киелі жерге орналасқан, оның осындай жартастан қашалған аналогтары оңтүстіктегі көрші республикалардан табылып зерттелгенде олардың б.д.д. V-IV  ғасырларда пайдаланылғаны ашылған. Қазақстан ғалымдары жүргізген зерттеулер осы жайдың Алтын Орда заманында, яғни  XIII-XIV ғасырларда тұрғызылғандығын, болжаммен нақышбандийа сопыларының тарапынан, көрсетті. Мешіттің айналасында жартастан ойылған өте көне қойылымдар бар, бұлардың ішінде ең соңғысы болып көрнекті рубасы Қыдыршаның (XVIII ғ. аяғы-XIX ғ. басы) қабірі есептеледі. Қасиетті мекен-жайды айырықша тартымды табиғи ландшафт қоршап тұр. Биік-биік жартастар, жыңғыл өскен аңғар, олардың  арасындағы соқпақтар оңаша ойлы серуенге жетелейді, тез өтетін өмір жайлы пайым жасауға шақырады. 

Дерек көзі: Өлкетанушы А. Еділхан деректері.

 


Оқылған саны: 3867

Амантұрлы қорымы

Амантұрлы қорымы. XVII-XX ғасырлар. Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосынан 35 км солтүстік-шығыс бағытта орналасқан.  ...


Сенек қорымы

Сенек қорымы. ХVII-ХХ ғасырлар. Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылынан шығысқа қарай 1 шм жерде орналасқан....


Асалы күмбезтамы

Асалы күмбезтамы.  Маңғыстау облысы. Бейнеу ауданы, Боранқұл селосынан   56 км  шығыс бағытта орналасқан. Маңғыстаумемлекеттік тарихи-мәдени қорығы....


Қамысбай қорымы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе селосынан 14 км. оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан. ХVІ – ХIХ ғғ...


Ақүйік қорымы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе аулынан оңтүстік-шығысқа қарай 17 шм орналасқан...


Қапаш мешіті, шебер Капаш Қинақұлы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жармыш ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 шм жерде орналасқан....


Қызылсу қорымы

Қызылсу қорымы, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Сенек ауылынан солтүстікке қарай 21 шм жерде орналасқан...


Booking.com
Страницы: 12345678