Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Есетмола некрополі

Орналасқан жері: Есетмола некрополі, ХІV - ХІХ ғғ; Бейнеу ауылынан 65 км солтүстік-батыс бағытта орналасқан 

Координатасы:  N 45 55.306; E 051 50.848 

Ескерткіштің сипаттамасы:    Есетмола некрополі Бейнеу станциясынан 65 км солтүстік-батыс бағытта Бағатай-Бейнеке алқабының солтүстік шығыс бетіндегі Үстірт шыңдарының ернеуінде Есетбұлақ жерінде орналасқан. Әр түрлі кезеңдердегі халықтық сәулет өнерінің алуан түрлі озық туындылары топталған некропольдегі 200-ге жуық кіші пішінді ескерткіштердің уақыты пішін-құрылысы, түрлі әдістермен түсірілген тас беттеріндегі рулық таңбалар, эпиграфикалық жазу-сызулар, қару-жарақ, тұрмыстық бұйымдар немесе жануар суреттері негізінде XIV-XIX ғғ. аралықтарымен белгіленеді. Ескерткіштер қатарында жоғарғы бөліктері дөңгелек-доға немесе шар тәріздес қашалған 4 қырлы құлпытастардың кейбіреулері өте биік болып келеді, трапеция және цилиндр пішіндерінде жасалған қойтастармен, сандықтастармен орнатылған композияциялық көріністері кездеседі. Орта ғасырлардағы Алтын Орда мемлекетінің күшейген кезінде жанданған Ұлы Жібек жолының Үстірт арқылы өткен негізгі тармақтарының бойындағы бұл көлемді некропольден 100 метрдей қашықтықта негізгі түп нұсқасы жақсы сақталған Қосқұдық керуен-сарайы бар. Сәулет пішіндерінің бүгінгі таңдағы техникалық жағдайлары ескеріліп, тарихи-мәдени құндылықтарын жоғалтпаған 58 ескерткіш нөмірленіп, есепке алынған. 

Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер:   Ескерткіш Бағатай-Бейнеке  алқабының солтүстік-шығыс бетіндегі Үстірт шыңдарының ернеуінде Есетбұлақ жерінде орналасқандықтан «Есетмола қорымы» аталған.

Ескерткішке 2007 жылы маусым айында қорық қызметкерлерінің экспедициясы барысында зерттеу, құжаттандыру жұмыстары жүргізілген.

Дерек көзі: "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ құжаттары.  


Оқылған саны: 575

Көкетай күмбезтамы

Көкетай күмбезтамы 19 ғ. алғашқы жартысы, Боранқұл  ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде орналасқан. ...


Борқұдық қорымы

Борқұдық қорымы 16-19 ғғ. Борқұдық деген жерде Бейнеу а.-нан ОБ 35 км жерде орналасқан....


Есей қорымы

Есей қорымы 19 ғ. (архит.). Боранқұл а.-нан  Ш бағытта 90 км  жерде орналасқан.  ...


Белдеулі керуен-сарайы

Белдеулі керуен-сарайы, ХІV ғасыр. Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылынан 17 шм солтүстік-батыс бағытта, Бесқұдық жерінде орналасқан....


Алтықұлаш (Қызылқұлаш) некропольі

Алтықұлаш (Қызылқұлаш) некропольі. ХІХ - XХ ғасыр ескерткіш, ансамбльдер мен кешендер. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші.  ...


Әжімұрат (Мәмішқазған) күмбезтамы

Әжімұрат (Мәмішқазған) күмбезтамы, ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы. Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылынан 12 шм оңтүстік-батыс бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Аққұл ишан мешіті

Аққұл ишан мешіті ХIХ ғасыр, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылынан 17 км солтүстік-шығыс бағытта, Сайын жерінде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Booking.com
Страницы: 1234567891011