Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Есмамбет әулие жерленген жер

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылынан 12 км солтүстік  бағытта орналасқан 

Координатасы: N 43°51' 37.20" , E 51°3' 56.29"

Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш 1981ж. «Манғышлақреставрация» АҒЖӨШ экспедициясымен С. Жүнісова жетекшілік етуімен зерттелген. Ескерткіш алғаш рет 25.03.1982 ж Халық депутаттарының Маңғышлақ облыстық Кеңесі атқару комитетінің №121 шешімімен жергілікті дәрежеде мемлекет қамқорлығына алынған. Казіргі уақытта Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді.

Қорым әр түрлі және әр кезеңге жататын 100-ге жуық ескерткіштен тұрады. Ең ерте кезеңдік ескерткіштер сәулеттік композициялық мәнері бойынша 17 ғ. соңына жатады. Олар негізінен сағанатам, қойтас, құлпытас және мешіт құрылысы. Мешіттің ескі екендігін, оның қабырға құрылысына қаланған әкті-құмтас тақта тастарының өңделмей-ақ жарып-жарып алынған тастармен сазды лай балшықтағы қаландысының өзі меңзейді. Ал кейінгі кезең ескерткіштері, қасбет құрылысы және интерьеріндегі өсімдік өрнек элементтерімен сәнделген бірнеше сағанатамдардан-ақ көрініп тұр.

Тарихи-деректер, аңыз-әңгімелер: Ел аузында сақталған әңгімелерге қарағанда, Есмамбет – Маңғыстаулық қожа, өз заманында халыққа мұсылманшылықты уағыздаған әулие адам болған. Оның ұрпақтары Әбіш молда, Сансызбайлар ата жолымен жүріп, мұсылманшылықты меңгерген. Қазіргі уақытта Есмамбет қорымы ел басына түнеп, қадір тұтып қастерлейтін киелі орын саналады.

1. Маңғыстау МТМҚ ММ, 2006 жыл, мұрағат материалдары.

2. Серікбол Қондыбай «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» кітабы, 2007 жыл.

 


Оқылған саны: 9869

Ақпан ғибадатханасы

Ақпан /Сартай/ ғибадатханасы, ерте темір дәуірі., (археол)  Тұрыш ауылынан солтүстік батысқа қарай 25 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Амандық қорымы

Амандық қорымы, ХІХ ғ. басы,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 106 км, Ақжігіт ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 49 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Айтман қонысы

Айтман қонысы, қола дәуірі,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылының солтүстік шығыс жағында 134 шм, Тұрыш ауылынан солтүстік шығыс қарай 43 шм жерде орналасқан  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Тоқсанбай араны

Тоқсанбай араны, орта ғасыр, Бейнеу ауылынан солтүстік шығысқа қарай 127,8 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Күш қорғаны

Күш қорғаны, (ерте темір дәуірі), Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Төлеп ауылынан оңтүстікке қарай 14  км жерде орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қарақабақ қалашығы

Қарақабақ қалашығы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылынан солтүстікке қарай 25 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Жезді қорымы

Жезді қорымы, ХІХ-ХХ ғғ.,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан солтүстік шығысқа қарай 100 км болатын жердегі, шағын биіктіктегі төбе үстінде орналасқан. ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Страницы: 12345678910111213