Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Қалдыбай қорымы

Орналасқан  жері:  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылынан шығыс бағытта 84 км, Желтау тауынан оңтүстік-батысқа қарай 16,5 км жерде орналасқан. 

Координатасы: N 46 22,264; E 055 30,751

Ескерткіштің сипаттамасы:  Қалдыбай қорымы шағын ансамбльді,  басым бөлігі қоршау, құлпытас, сағанатам және кесене. Кесене күмбезді, симметриялы, орталық 1 бөлмелі құрылыс, тік бұрышты жоспарда С-О. бағытпен бағытталған. Құрылыс 2 қатар жалпақ көлемді тастардан және тегістеліп, кезектестіре көлденең және тігінен қойып қаластырылған, өңделген тас тақташалармен қапталған. Қасбеті порталмен ерекшеленеді де, төбе жақтауы өсімдік өрнекті оюмен қоса күрделі үйлесімді құрай безендірілген. Шатырлық күмбез 1 метрлік шамадағы барабанға барып тіреледі де, ұшар бас найзатасы сүйірленіп бітеді. Кесененің биіктігі 4 м. Оның жанындағы сағанатам құрылысы тік бұрыш жоспарлы, бүйір іргелік қаланды болғанымен іргетасы және төбе жабындысы жоқ. Қабырғасының үстіңгі жағы өрнекті таңбалармен безендірілген. Құлпытастар - 4 қырлы, 3 деңгейлі, зооморфты және өсімдік элементті өрнектермен әспеттелген. Барлық қабір үсті құрылыстар мұндағы құрылыс және тасты өңдеу (кесу) өнерінің дамыған жоғарғы деңгейін растай түседі. 

Тарихи деректер мен аңыз-әңгімелер:  «Қазжобақалпынакелтіру» институтының экспедициясы 1990 ж. зерттеген. Ескерткіш  Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған. 

Дереккөздер: 1. «Қазжобақайтажаңғырту» Институты экспедициясының материалы 1990 ж. «Қазжобақалпынакелтіру» институтының мұрағаты. Арх. № 523; 26. 11. 1990 ж. Т.Н. Лошакова 

2. Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қоры, архив қоры (ескерткіш паспорты).

  


Оқылған саны: 16

Тоқсанбай қонысы

Тоқсанбай қонысы, ерте қола дәуірі, (археол.). Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 140 км, Тұрыш ауылынан солтүстік-шығысқа 48 км жерде орналасқан. ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Иманбай кесенесі

Иманбай кесенесі, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,Төлеп ауылынан солтүстік шығысқа қарай 18 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Бесшымырау қорымы

Бесшымырау қорымы, ХІХ ғ.,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,  Бейнеу ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 90 шм, Ақжігіт ауылынан оңтүстікке қарай 40 шм жерде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Жезді қорымы,

Жезді қорымы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 100 км болатын жердегі, шағын биіктіктегі төбе үстінде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Ақпан ғибадатханасы

Ақпан /Сартай/ ғибадатханасы, ерте темір дәуірі., (археол)  Тұрыш ауылынан солтүстік батысқа қарай 25 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Амандық қорымы

Амандық қорымы, ХІХ ғ. басы,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 106 км, Ақжігіт ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 49 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Страницы: 1234567891011121314