Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Қалнияз қорымы

Орналасқан жері: Қалнияз қорымы, 19 ғ., Бейнеу а.-нан СШ қарай 24 км жерде орналасқан.  

Координатасы:  

Ескерткіштің сипаттамасы:

«Көшпелілердің мәдени мұра мәселелері бойынша ҚазҒЗИ» экспедициясы 2007 ж. зерттелген. Құланды жырасының жоғарғы жағына қарай орналасқан 50-ден астам нысан, оның ішінде 3 кесене, сандықтас, тас қоршау, тас үйіндісі, қойтас, құлпытас, стела тастар бар. Қорымның ОШ жағында оба үйіндісі бар. Обаның СШ жағына «үш ағаш» - триангуляция орнатылған. Қорымның оңтүстік бөлігінде қазіргі заман қойлымдары орналасқан. Өңделген плиталармен көмкерілген қабырғаларына әртүрлі әдістермен шаңбақ тәріздес, қос мүйіз өрнектері, қару суреттері түсірілген күмбезтамдардың жоғарғы жағы үшбұрыштала сүйірленіп біткен төртбұрышты кіріс-ойықтары оңтүстікке бағытталған. Тас белгілерімен орнатылған тас қоршаулар шала өңделген тастардан 0,5-2,1 м биіктіктерінде қалаған. Қабіртастарда әртүрлі рулық таңбалар кескінделген. Қорымдағы екінші күбезтамның қабырға плиталары әр жерінен ашыла бастаған, найзатасы құлаған. Жоғарғы бөліктері цилиндр, параллелипед пішіндерінде қашалған қойтастардың бірі аяқты етіп жасалған. Қойтаспен орнатылған құлпытастың жоғарғы бөлігі шар тәріздес болып келеді, 4 қырлы жақтауы бедерлене түсірілген дәстүрлі оюлар және сырлы бояулармен салынған геометриялық өрнектермен әсемделген. 2014 жылы қорымға жаңадан қорғау тақтасы орнатылды. Ескерткіш  Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған. 

Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер:  Ескерткіш  Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған. 2014 жылы қорымға жаңадан қорғау тақтасы орнатылды 

 Дерек көзі: «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» мекемесі мұрағатының материалдары. «Көшпелілердің мәдени мұра мәселелері бойынша ҚазҒЗИ» экспедициясының 2007 ж. материалдары. Л.В. Дубровская 


Оқылған саны: 6


Ырғызбай қорымы

Ырғызбай қорымы 19-20 ғғ., (архит.). Боранқұл а.-нан Б-қа қарай 85,5 км жерде орналасқан....


Тілеміс қорымы

18-20 ғғ. Боранқұл а-нан Ш-қа қарай 92,5 км жерде орналасқан.  ...


Шақан қорымы

Шақан қорымы, 19-20 ғғ., Бейнеу а.-нан ОШ 30 км жерде, Ақжігіт а.-ның Б 23 км жерде орналасқан. ...


Көкетай күмбезтамы

Көкетай күмбезтамы 19 ғ. алғашқы жартысы, Боранқұл  ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде орналасқан. ...


Борқұдық қорымы

Борқұдық қорымы 16-19 ғғ. Борқұдық деген жерде Бейнеу а.-нан ОБ 35 км жерде орналасқан....


Booking.com
Страницы: 123456789101112