Нысандар
Картаға енген нысындардың тізімі
Қапаш мешіті, шебер Капаш Қинақұлы
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы,
Жармыш ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 шм жерде орналасқан.
Координатасы: Ν044°15,104; Е052°02,598;
Ескерткіштің сипаттамасы: Қапаш мешіті, 1928 ж., Жармыш ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан. Мешіт 1928 жылы Жыңғылдысай шатқалындағы Таскескен жеріндегі шағын террасада салынған. Ұзын осі Шығыстан батысқа қарай созылған Мешіт жоспарда тікбұрышты ғимарат болып табылады. Іргетасы жоқ. Цоколі 5 қатар тұратын 2 сатылы. Цоколдың жоғарғы бөлігінде қиғаш кесу бар және одан бірқатардан аса тікбұрышты белдікше-шығым өтеді. Қабырғалар уақыт өте ақ түстен сарылау охра түске айналған кесілген әктас-құмтас блоктарынан салынған. Терезелері солтүстік және оңтүстік жақтарында орналасқан, ал Батыс жағында қасбеттік кішігірім ойығы бар михраб қуысының тікбұрышты шығымы бар. Кіреберісі Шығыс жағында орналасқан. Есік үстіндегі аркадан жоғарғы жағы сынған цилиндрлі найзатаспен бітетін бедерлі сурет іздері сақталған. Табалдырық биіктігі 0,3-0,4 м. Терезелер үстінде іштерінде гүлденген қызғалдақ бүршігінің бедерлі суреттері бар аркалы таушалары жасалған. Солтүстік және Оңтүстік қасбеті парапеті қасбеттің жалпақтығынан 15- 20 см шығыңқырап тұрған және сыртқы жақа кішігірім ауытқуға ие тікбұрышты су-ағым арықшамен 2 жерде бөлінеді. Құрылыс 3 бөлмеге бөлінеді. Біріншісі кішкентай, кіреберістен екі тікбұрышты бағанға ие және келесі бөлмеге арка саңылауымен қосылады. Басқа екі бөлмеде бағандар оның бойлық осінде орналасқан. Ортаңғы залда бір тікбұрышты баған бар және ол үш арка саңылаулары арқылы негізгі залға қосылады. Кеңістікті дамыту жоспарында кірістен орталық «оқу сыныбына» қарай кеңейеді. Батыс қабырғадағы тікбұрышты кішігірім қуыс ұстаздың сабақ өткізер орны болған. Бұл бөлменің үстінде кішкене күмбез бар, мүмкін шаммен жарықтандыру үшін . қойылуы ықтимал. Төбесі ашық.Мешіттің аумағы – 0,1 га.
Мешіт 1928 жылы Адайдың Кедей Жеменей руынан шыққан халық шебері Қапаш Қинақұлының Жыңғылды жеріндегі ағайыны Қосбайдың тапсырмасы бойынша балаларды оқыту үшін салынған сәулет ескерткіші. Бірқатар себептерге байланысты құрылыс аяқаталмай қалған.
Алғаш
рет 1979 жылы Н.Нұрқабаевтың жетекшілігімен Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің
экспедициясымен зерттелген. Ескерткішті (1988ж.)
«Қазқайтажаңғырту» мекемесі зерттеген. 25.03.1982 жылы №121 халық
депутаттарының облыстық Кеңесі атқару
комитетінің шешімімен алғаш рет мемлекеттік қорғауға алынған.
Дерек көзі: "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ "Қор" секторының құжаттары
Оқылған саны: 583