Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Көкетай күмбезтамы

Орналасқан жері: Боранқұл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде орналасқан.  

Координатасы: 

Ескерткіштің сипаттамасы:  Халық арасында кеңінен тараған аңыз-әңгімелер негізіне сүйенсек,  сүйгеніне қосыла алмай армандап кеткен, ғашықтарға арналған.  Аласа күмбезді жоспарда төртбұрышты етіп, қыш кірпішті тастан саз балшық араластырыла қаланған. Жоғарғы бөлігі жартылай дөңгелек пішініндегі кіріс ойығы ОБ бағытталған. Күмбезтам қабырғаларының саз балшықты сылақтары жауын-шашын әсерінен ағып, қабырға сырттары жыра тәрізді ойылған және кіріс ойығының төменгі жағы желініп мүжілген. Күмбезінің жоғарғы төбесінің батыс бөлігі кішкентай көлемде ойылып ішіне құлаған, ойығы тастармен жабылып қойылған. Күмбезтамның өлшемдері: 550 х 410 х 396 см.  Ескерткіш  Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған.   


Оқылған саны: 3

Борқұдық қорымы

Борқұдық қорымы 16-19 ғғ. Борқұдық деген жерде Бейнеу а.-нан ОБ 35 км жерде орналасқан....


Есей қорымы

Есей қорымы 19 ғ. (архит.). Боранқұл а.-нан  Ш бағытта 90 км  жерде орналасқан.  ...


Белдеулі керуен-сарайы

Белдеулі керуен-сарайы, ХІV ғасыр. Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылынан 17 шм солтүстік-батыс бағытта, Бесқұдық жерінде орналасқан....


Алтықұлаш (Қызылқұлаш) некропольі

Алтықұлаш (Қызылқұлаш) некропольі. ХІХ - XХ ғасыр ескерткіш, ансамбльдер мен кешендер. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші.  ...


Әжімұрат (Мәмішқазған) күмбезтамы

Әжімұрат (Мәмішқазған) күмбезтамы, ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы. Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылынан 12 шм оңтүстік-батыс бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Аққұл ишан мешіті

Аққұл ишан мешіті ХIХ ғасыр, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылынан 17 км солтүстік-шығыс бағытта, Сайын жерінде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Booking.com
Страницы: 1234567891011