Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Көркембай ахун мешіті

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосынан 40 км  оңтүстік-батыс  бағытта, Манашы сайы бойында орналасқан.

Координатасы: N 45°1' 34.54" , E 54°59' 27.37" 

Ескерткіштің сипаттамасы: А.М.Қоғалбаева (1992 ж.) ал “Көшпелілердің мәдени мұрасының мәселелері бойынша ҚазҒЗИ”-нің экспедициясы (2007 ж.) зерттеген. Алғаш рет  07.01.1993 жылы облыс әкімінің  №362 шешімімен мемлекеттік қорғауға алынған. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі №279 қаулысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.

Ол Маңғыстау өлкесінің  XIX ғасырдағы салынған  құрлыстарының ішінде ең ірісі, әрі сәулет жауһары болған мешіт. Жергілікті ауқатты - бай Ақбота Жеменейдің тапсырысымен салынған. Мешіттің жоспары 22 бөлмелі тік төртбұрышты құрылыс, іргетасы жоқ бірсатылы қабырғаның төменгі жақ қаландысы үстіне орнатылған, төбесінен 28 күмбез шығарылған. Мешіт қам кесектен тұрғызылған, қабырғасы сыртынан әктастармен қапталған, ішкі қабырғалар сыланған. Ғимарат ортасында 4 үлкен зал орналасқан, периметр бойымен арқалығы бар босағалар мен күмбезді шатыры бар бөлмелер қабырғадан шығып тұратын жалған бағаналы болып қатарласқан. Ортадағы залдардың күмбезі өзегі шаршы болған колонналарға (бағанға) сүйенген. Қасбеттердің бұрыштары мен қабырғаларда (екі-екіден) пилястрлер қаланған. Есік қуысы негізінен шығыс және батыс қасбеттерінде орын тепкен, қабырғаларында терезе саңылаулары бар. Қайта жөндеу жұмыстары  (1991 ж.) жүргізілген қабырға, күмбездің құлаған жерлері қалпына келтіріліп, жалпақ тастардан цемент-құм сылағы негізінде дуал-қоршау тұрғызылған. Мешіттің іргесінде үш құдық бар, бұрынғы кезде біреуі тұщы, ал қалған екеуі кермек, мал суаруға жарамды болған. Қазіргі кезде екеуі ауызсуға жарамды, біреуі тіпті ащы.

Тарихи-деректер, аңыз-әңгімелер: Ол ел арасында діни білімді, имандылықты уағыздаушы адам ретінде белгілі болған. Көркембай мешіті 1928 жылға дейін білім ордасы ретінде пайдаланылып, онда ел балалары мұсылманшылықтан дәріс алған. Мешітте елге атағы белгілі ахундар, ишандар (Абдолла хазірет, Шәудір ишан, Қарақалпақ Мәткәрім, т.б.) сабақ берген. Бектұрлыұлы Көркембай ахун большевиктер тарапынан қуғынға ұшырап, ұстаздарын таратып, мешітін жауып, өзі Тәжікстан жеріне қоныс аударады. Қай жылы қайтыс болып және қайда жерленгені туралы толық мәлімет жоқ. 

Дерек көзі:

1. «Бейнеу» кітабы, Алматы 2002 ж.;

2. Базарбай Әбдірахманов «Бекет атаның сұпылық жолы» кітабы, Алматы 2010 ж.;

3. Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағаты материалы;

4. ҚазКСР мәдениет Министрлігі “Қазжобалауқалпынакелтіру” институты мұрағатының материалы 1990 ж.

 


Оқылған саны: 9647

Ақпан ғибадатханасы

Ақпан /Сартай/ ғибадатханасы, ерте темір дәуірі., (археол)  Тұрыш ауылынан солтүстік батысқа қарай 25 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Амандық қорымы

Амандық қорымы, ХІХ ғ. басы,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 106 км, Ақжігіт ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 49 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Айтман қонысы

Айтман қонысы, қола дәуірі,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылының солтүстік шығыс жағында 134 шм, Тұрыш ауылынан солтүстік шығыс қарай 43 шм жерде орналасқан  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Тоқсанбай араны

Тоқсанбай араны, орта ғасыр, Бейнеу ауылынан солтүстік шығысқа қарай 127,8 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Күш қорғаны

Күш қорғаны, (ерте темір дәуірі), Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Төлеп ауылынан оңтүстікке қарай 14  км жерде орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қарақабақ қалашығы

Қарақабақ қалашығы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылынан солтүстікке қарай 25 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Жезді қорымы

Жезді қорымы, ХІХ-ХХ ғғ.,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан солтүстік шығысқа қарай 100 км болатын жердегі, шағын биіктіктегі төбе үстінде орналасқан. ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Страницы: 12345678910111213