Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Қостам қорымы

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Тұрыш селосынан 14 км батыс бағытта орналасқан.

Координатасы: N45 28.120; E55 57.685.

Ескерткіштің сипаттамасы:  Қостам қорымы XVIII-XX ғғ. Зерттеулер нәтижесінде қорымнан 18 ескерткіш есепке алынды. Олардың арасында 2-күмбезтам, 3-сағанатам, 3-сағанатам, құлпытас;  3-қойтас; сандықтас;  сандықтас құлпытас, қойтас;  сандықтас құлпытас, төрттас;  құлпытас; құлпытас, қойтас;  құлпытас, бестас; құлпытас, екітастар  мемлекеттік тізімге алынған. Күмбезтамдар жоспарда тік төртбұрышты, іші-сырты екі қабатты, сырты өңделген плита тастардан, іші өңделмеген шой тастармен қаланып, күмбезі өңделмеген тастардан дулыға тәріздес  етіліп шығарылған. Алдыңғы фасад бөлігі оңтүстікке бағытталған, кіреберіс ойығы перде тәріздес етіліп шығарылған. Сырты екі қабатты жіпсе таспен қаланып, төбесіндегі баспа тастары сәл қабырғадан шығыңқы қаланған.

Қорым 1985 жылы жергілікті дәрежеде мемлекет қамқорлығына алынған.

Қорымға 1983 жылы М.С.Нұрқабаев басшылығымен зерттеу жұмыстары жүргізілген.

2015 жылы «Маңғыстауреставрация» ЖШС мекемесі қорымдағы

№8, 10 күмбезтам;

 №1, 2, 3, 6, 9, 12, 15,17 сағанатамдар;

№4 құлпытас екітас;

№5 құлпытас, бестас;

№7 сандықтас, құлпытас және төрттас;

№16 құлпытас, қойтас және бестас;

№18 сандықтас, құлпытас және қойтастарға  барлығы  - 15  объектіге реставрация жұмыстарын жүргізді. 

Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер: Орамал Қырықмылтық қауымы. Қорымда орналасқан ескерткіштерде:

2. Құлпытас: Адай руғы Қырықмылтық тайфасы Орамал  бөлімі Жалтыбай Жайсан баласы 71 жасында уфат болды 1322.

5. Құлпытас қойтас: Адай руғы Қырықмылтық тайфасы Орамал бөлімі Бабанияз ұлы Қалнияз баласы Атамұрат мырза 18 жасында 1306. Байқабыл-Қойлан

Сынған құлпытас: Адай руғы Қырықмылтық тайфасы Орамал бөлімі Бабанияз баласы Ермекбай уфат болды 63 жасында. Жаздырды баласы Қыдырша мырза 1302 санда. Байқабыл-Қойлан

15. Сағанатам, құлпытас: Адай руы Қосқұлақ тайфасы Шырақбай бөлімі Шын (Жөн) баласы Тасбай 19 жасында уфат. Қылдырды ағасы Көркенбай мырза 1870 санада.

16. Құлпытас, қойтас: Адай руғы Қырықмылтық тайфасы Орамал бөлімі Шанай Есенбай ұғлы 66 жасында 1321. Есенбай Шанайұлы

Сынған құлпытас: Адай руғы Қырықмылтық тайфасы Орамал бөлімі Кенже шешесі Өрік уфат болды 74 жасында 1311. Шанайдың кемпірі

Сынған құлпытас, қойтаста: Адай руғы Қырықмылтық тайфасы Орамал бөлімі Тұрғұл баласы Молдабек 7 жасында уфат болды 1309.

Құлпытас: Адай руғы Қырықмылтық тайфасы Орамал бөлімі Мәмбет ұғлы Тобағұл-деп жазылған.

Дерек көзі: "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ құжаттары. 

Н.А.Құлбаевтың «Арал-Каспий аралығы тарихи-мәдени ескерткіштеріндегі араб графикалық мәтіндердің анықтамалығы» кітабы 1 том Алматы-2015ж. 



Оқылған саны: 1256

Көкетай күмбезтамы

Көкетай күмбезтамы 19 ғ. алғашқы жартысы, Боранқұл  ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде орналасқан. ...


Борқұдық қорымы

Борқұдық қорымы 16-19 ғғ. Борқұдық деген жерде Бейнеу а.-нан ОБ 35 км жерде орналасқан....


Есей қорымы

Есей қорымы 19 ғ. (архит.). Боранқұл а.-нан  Ш бағытта 90 км  жерде орналасқан.  ...


Белдеулі керуен-сарайы

Белдеулі керуен-сарайы, ХІV ғасыр. Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылынан 17 шм солтүстік-батыс бағытта, Бесқұдық жерінде орналасқан....


Алтықұлаш (Қызылқұлаш) некропольі

Алтықұлаш (Қызылқұлаш) некропольі. ХІХ - XХ ғасыр ескерткіш, ансамбльдер мен кешендер. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші.  ...


Әжімұрат (Мәмішқазған) күмбезтамы

Әжімұрат (Мәмішқазған) күмбезтамы, ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы. Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылынан 12 шм оңтүстік-батыс бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Аққұл ишан мешіті

Аққұл ишан мешіті ХIХ ғасыр, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылынан 17 км солтүстік-шығыс бағытта, Сайын жерінде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Booking.com
Страницы: 1234567891011