Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Құсшы-ата некрополі

Орналасқан жері: Құсшы-ата некрополі, Тұрыш ауылынан 35 км оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан 

Координатасы:  N 45 15.187; E 56 26.861 

Ескерткіштің сипаттамасы:    Құсшы ата некрополі- Бейнеу ауданындағы  ірі ескі қойылымдардың бірі. Шамамен 300-ге жуық ескерткіштер бар. Солардың арасынан 65-ескерткіш мемлекеттік тізімге алынған. Оның ішінде  Күмбезтам-5, Күмбезтам, құлпытас-1, Сағанатам-2, Сағанатам, құлпытас-6, Құлпытас-12, Құлпытас, тас қоршау-5, Құлпытас, қойтас-7, Құлпытас, сандықтас, қойтас-1, Композициялық құлпытас қойтас-1, Құлпытас, бестас-1, Құлпытас, үштас-1, Құлпытас, төрттас-1, Қойтас-19, Үштас-2, Сандықтас-1 ескерткіштер бар. Некропольде михрабы бар тастан қаланған мешіт құрылысының орны бар. Жоспарда күмбезтамдар тік төртбұрышты формада, алдыңғы фасад бөлігі оңтүстікке қарай бағытталған. Ішкі және сыртқы қабырғаларында арабографикалық жазулар, қару-жарақтың, жануарлардың суреттері бейнеленген. Некрополь керуен жолының бойында орналасқан. Некропольдің қасында құдық орналасқан. Ауыл тұрғындары некропольдің тастарын құрылысқа, қора салуға пайдаланған. Сондықтан қазіргі уақытта көпшілігінің тастары жоқ бүлінген. Некрополь 1994 жылы жергілікті дәрежеде мемлекет қамқорлығына алынды. 

Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер:  Ел аузында сақталған аңыз бойынша Құсшы-Ата бүркіт ұстаған, солардың тілін білген адам болған. Қазақ аңызы бойынша «түрікпен әулиесі» делінеді. Ол құстар мен бүркітшілердің иесі мен пірі екен.

1999 жылы маусым айында Ж.М.Құлымбаев басқаруымен экспедиция зерттеу жұмыстарын өткізген.

Некропольде орналасқан ескерткіштер аудармасы бойынша:

1 Құлпытас, қойтас: Адай руы Қырықмылтық тайфасы Тоқал Келмухамед Жазақбай ұғлы уфат  болды?? Жасында

  3  Күмбезтам,құлпытас: Адай руғы Қырықмылтық тайфасы Бөке баласы Еншібай уфат 55 жасында 1314 санда жазды баласы Аяп. Қаржа 6   Құлпытас: Адай руғы Қырықмылтық тайфасы Тоқал бөлімі Ботабай баласы Мұратбек уфат 75 жасында.....?

  7  Қос құлпытас: а) Адай руғы Қырықмылтық тайфасы Сары баласы Өтеғұл уфат 27 жасында 1879 санда, қылдырды інісі (әкесі) Аманжол ә) Құлпытас қойтас: Адай руғы қырықмылтық тайфасы Аманжол баласы Меңжан 21-де жаздырды әкесі 1879 санда Қаржау

Сынған, құлпытас, қойтас: Адай руғы Қржау тайафсы Ағыбай (Ақабай?) баласы?... аман 17-де уфат, жаздырды әкесі 1871.

Құлпытас: Адай руы қырықмылтық тайфасы Құлшар баласы Жұбай 6 уфат болды 1296.

11 Құлпытас: Адай руғы Қырықмылтық тайфасы Сәндібай баласы Байдық- Байлық? Уфат 41, қылдырды баласы Мәмі мырза.

13 Құлпытас: Адай руғы қырықмылтық тайфасы Түгел Таңсыққожа баласы  Бернияз баласы Құлпейіс уфат 34 жасында 1857 санда, қылдырды інісі Қалдыбай.

Құлпытас, қойтас: Адай руғы Қырықмылтық тайфасы Дайрабай сұпы балсы Шермамбет уфат 33 жасында 1855 санда, қылдырды інісі Дәулетжан.Айкөшек.

17 Құлпытас: Адай Қырықмылтық тайфасы Бөгежан халалы Айсары уфат 57- де, қылдырды баласы....?

Құлпытас: Адай руғы Қырықмылтық тайфасы Түгел бөлімі Сағынбай бінәсі уфат 21 жасында 1914. 

Дерек көзі: "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ құжаттары.  

 Н.А.Құлбаевтың «Арал-Каспий аралығы тарихи-мәдени ескерткіштеріндегі араб графикалық мәтіндердің анықтамалығы» кітабы 1 том Алматы-2015ж.   

 


Оқылған саны: 4

Аққұл ишан мешіті

Аққұл ишан мешіті ХIХ ғасыр, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылынан 17 км солтүстік-шығыс бағытта, Сайын жерінде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Манашы некрополі

Манашы некрополі, ХVII - ХIХ ғасырлар, Бейнеу ауылынан 25 км оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Есетмола некрополі

Есетмола некрополі, ХІV - ХІХ ғғ; Бейнеу ауылынан 65 км солтүстік-батыс бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Дарханбай (Сары Шоңай) некрополі

Дарханбай (Сары Шоңай) некрополі, Ақжігіт ауылынан 40 км оңтүстік бағытта орналасқан.  ХVІІІ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Бесшымырау некрополі

Бесшымырау некрополі, Ақжігіт ауылынан 42 км оңтүстік бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Атан-Таған некрополі

Атан-Таған некрополі, Бейнеу ауылынан 9 км оңтүстік-батыс бағытта орналасқан ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Booking.com
Страницы: 12345678910