Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Қырғын қорымы

Орналасқан жері:  Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылынан батысқа қарай 5 км

Координатасы: N 44°04' 160", E 052°15' 425". 

Ескерткіштің сипаттамасы: Қырғын қорымы Жетібай ауылынан 5км батыс бағытта орналасқан. Қорым қазіргі заман қойылымдармен араласа орналасқан. Қорымның ескі бөлігінде күмбезтам мен сағанатам төңірегінде топтастырылған 26 ескерткіш бар. Зерттеулер нәтежесінде, қорымнан 26 ескерткіш есепке алынды. Оның ішінде: 1 күмбезтам, 3 сағанатам, 15 екітас, 1 үштас, 1 төрттас бар. Күмбезтамнан шығысықа қарай бестас және үштас түрінде жасалған бірнеше қойтас бар. Күмбезтамның өлшемдері 417см х 617 мм, биіктігі  - 634 см. Құрылыс дәстүрлі схема бойынша салынган: жоспардағы тікбұрышты негізгі көлем биік емес жертөлеге тұрғызылған, цилиндрлік барабанға ойылып жасалған найзатасы бар конус тәрізді күмбез орнатылған. Негізгі оңтүстік қасбеттегі саңылаудың екі жағында, сондай-ақ қалған қасбеттердің әрқайсысында екіден салынған тауашалар бар, олардың тегіс ойықтары мен парапеттерінде ою-өрнектер бар. Интерьер де сонымен қатар өсімдік және геометриялық өрнектермен әдемі және мол безендірілген. Араб тіліндегі эпитафиялар мен ерлер мен әйелдердің аяқ киімдерінің бейнелері бар. Төртбұрыштан жалған күмбездің негізіне өту тромп арқылы жасалған. Күмбезтам қабырғаларын қалауы, саганатамның дәстүрлі қалауы сияқты: екі қабатты қаптама, ортасын саз балшықты шой таспен араластыра толтырған. Сағанатам өзіндік ерекшелігі бұрышынан төмен кететін трапеция тәрізді биіктер орнатылған. Барлық қасбеттерде жануарлардың сызба бейнелері бар. 

Қорым 1982ж. Республикалық дәрежеде мемлекеттік қорғауға алынған. Ескерткішті алғаш рет 1980 жылы ҚазКСР мәдениет министірлігінің экспедициясы зерттеген.  

Тарихи-деректер, аңыз-әңгімелер: Ел ауызында сақталған әңгімелерге қарағанда, ауылдың үстімен өтіп бара жатқан керуен ауыл тұрғындарын улы зат беріп өлтірген. Сол жерде біраз адам қырылып, барлығы бір жерге жерленеді, содан Қырғын қорымы деп аталып кеткен. Осы қорымда Маңғыстаудын белгілі күйшілері әкелі – балалы Өскінбай Қалмамбетұлы мен Мурат Өскінбайұлы жерленген. 

Дерек көзі: "Маңғыстау мемлкеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ "Қор" секторының құжаттары


Оқылған саны: 790

Асау қорымы

Асау қорымы, ХVII - ХVIII ғасырлар  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылынан 13 км оңтүстік бағытта орналасқан....


Амантұрлы қорымы

Амантұрлы қорымы. XVII-XX ғасырлар. Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосынан 35 км солтүстік-шығыс бағытта орналасқан.  ...


Асалы күмбезтамы

Асалы күмбезтамы.  Маңғыстау облысы. Бейнеу ауданы, Боранқұл селосынан   56 км  шығыс бағытта орналасқан. Маңғыстаумемлекеттік тарихи-мәдени қорығы....


Сенек қорымы

Сенек қорымы. ХVII-ХХ ғасырлар. Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылынан шығысқа қарай 1 шм жерде орналасқан....


Қамысбай қорымы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе селосынан 14 км. оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан. ХVІ – ХIХ ғғ...


Ақүйік қорымы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе аулынан оңтүстік-шығысқа қарай 17 шм орналасқан...


Қапаш мешіті, шебер Капаш Қинақұлы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жармыш ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 шм жерде орналасқан....


Booking.com
Страницы: 12345678