Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Қыз әулие кесенесі

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Есет селосынан 7 км  солтүстік-шығыс бағытта орналасқан. 

Координатасы: N 45° 46' 28.90" E 54° 53' 20.99" 

Ескерткіштің сипаттамасы: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді.

Осы Есет елді мекенінде әулие саналып, киелі орындарға айналған жерлер бар. Солардың бірі – «Қыз әулие». Қорымда жерленген қыздың «Қыз әулие» аталуына байланысты ел аузында бірнеше деректер бар. 1908 жылы Қамысбай аулының адамдары жаз жайлауынан қыстауға көшіп келе жатқанда Есет тауы маңында 15 жасар Малика қайтыс болған. Оны сол кездері аруақ қысып, ұстай алмай жүрген кезі екен. Сондықтан көтеріліп те ауырған көрінеді. Қызды сол жерде арулап көміп, әкесі жергілікті қараш руының үлкендеріне белгі тас қоюы үшін шеберлердің қолақысы ретінде бірнеше малын тастап кетеді. Олар ауылдарына шеберлер келген уақытта басына құлпытас пен сандықтас орнаттырады. Татар шебер құлпытасқа қыздың аты-жөнін жазып, сандықтасқа қыздарға қажетті түрлі әшекей бұйымдарын салып, бедерлеген. 2008 жылға дейін, яғни Қамысбай ұрпақтары зират салғанға дейін белгі құлпытас пен сандықтас болып қана тұрды.

Тарихи-деректер, аңыз-әңгімелер: «Қыз әулиенің»  құдіреттілігі туралы  көрші Боранқұл  ауылындағы Сәнеш апайдың әңгімесі: «Бір күні түсіме жас қыз еніп, маған өзі жатқан жердің қасына түнек салу туралы аян берді. Балаларыма айттым, бірақ олар қолдамады. Сөйтіп жүргенде түсіме тағы кірді. Менен қозғалыс болмады. Күндердің күнінде аяқ астынан көзім көрмей қалды. Содан осы «Қыз әулиенің» басына келіп, құран оқып, түнедім. Түсіме тағы кірді, бұл жолы риза кейіпте көрдім. Сыңғырлаған даусы құлағыма келді. Оянғанда, сендерге өтірік, маған шын,  екі жанарым бұрынғыдай жарқырап, айналамды түгел көрдім. Әрі қуандым, әрі қатты қорықтым. Осыдан кейін балаларым қолдап, осы түнеухананы салдым» деді.

Бұл қорымның құдіреттілігіне ауыл адамдары да сенеді.  Ауылымызда үлкен апайдың (Жұмазия апай) айтуынша, қатты ауырған баласын  қай жерге, қай дәрігерге көрсетсе де, нәтиже болмай, қиналған апайға осы әулиенің басына түнеуге кеңес берген. Үш күн қатар сол жерде түнеп жалбарынып,  құдайдан тілек тілейді. Үшінші күні таң атарда Жұмазия апайдың құлағына: «Көмектесемін, көмектесемін», деген  қыздың әдемі даусы құлаққа келеді. Оянып кеткен апай бұның аян екенін түсінеді. Уақыт өтісімен  күннен-күнге баласының денсаулығы жақсара бастайды. Содан бері Аллаға шүкір, балам алды-артына қараған жоқ»,-деп апай әңгімесін аяқтады. Міне, бұл өлкеміздегі «Қыз әулиенің» құдіреттілігін көрсетеді. Ауыл адамдары оған шек те келтірмейді.  Қыз әулие қасында емдік-шипалы ыссы сулы балшығы бар бұлағы орналасқан. Адамдар бұл киелі орынға келгенде бұлақ суына шомылып, емдік қасиетін пайдаланады. Бұлаққа Атырау, Ақтөбе облыстарынан, Ресеймен шектесетін аймақтардан еміне шипа іздеген адамдар арнайы келеді.

Дерек көзі:

1.«Бейнеу мұражайы» МКҚК деректері;

2. Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағатының материалдары.


Оқылған саны: 13102

Асау қорымы

Асау қорымы, ХVII - ХVIII ғасырлар Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылынан 13 км оңтүстік бағытта орналасқан....


Амантұрлы қорымы

Амантұрлы қорымы. XVII-XX ғасырлар. Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосынан 35 км солтүстік-шығыс бағытта орналасқан.  ...


Асалы күмбезтамы

Асалы күмбезтамы.  Маңғыстау облысы. Бейнеу ауданы, Боранқұл селосынан   56 км  шығыс бағытта орналасқан. Маңғыстаумемлекеттік тарихи-мәдени қорығы....


Сенек қорымы

Сенек қорымы. ХVII-ХХ ғасырлар. Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылынан шығысқа қарай 1 шм жерде орналасқан....


Қамысбай қорымы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе селосынан 14 км. оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан. ХVІ – ХIХ ғғ...


Ақүйік қорымы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе аулынан оңтүстік-шығысқа қарай 17 шм орналасқан...


Қапаш мешіті, шебер Капаш Қинақұлы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жармыш ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 шм жерде орналасқан....


Booking.com
Страницы: 12345678