Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Ман ата кесенесі

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Өтес селосынан 40 км оңтүстік-батыс бағытта, Үстірт қырынан Маңғыстаудың ойына түсетін жолдың (Қаратүйе-Ман ата жолы) бойында орналасқан.

Координатасы: N 44°5' 53.97" , E 53°10' 45.37"  

Ескерткіштің сипаттамасы: Үстіртің қыры мен Маңғыстаудың қара ойын жалғастырып жатқан он төрт құлама жолдың негізгісі  «Ман ата» деп аталады. Ертеректе арқарлар мен адамдар ғана жүре алатын жалғыз аяқ жол, уақыт өте келе жүк тиеген керуен өте алатын жолға айналды. Осы құлама жолдың екінші аты - «Қаратүйе-Ман ата». Ман ата – Маңғыстаудың қақпасы іспетті. Күзде арқадан арқаланып, жайлаудан қыстауға түбекке қайтқан көштің Ман атаға жеткендігі, ең алдымен көзге түсетіні – Маңғыстаудың ойындағы Отпан тауының төбесі еді делінетін. Алыстағы мұнар тұманның үстінен төңкерілген қазандай болып жатқан Отпантауды көргенде көшпелілер үйге келгендей қуанатын.

Тарихи-деректер, аңыз-әңгімелер: Түйе жүре алатын жол бірте-бірте кеңейтіліп автомобиль жолына айналды. 50-70 жылдардағы осы жол арқылы ойдан қырға шығып жүрген жүргізушілердің арасындағы аңызда осы жол аса қауіпті деп саналатын. Осы жерде жарқабақтан ұшып кетіп жазым болу, қирап қалу оқиғасы кездесіп тұратын. Осындай қайғылы оқиғалардың болу себебін жергілікті халық тек бір жәйтпен түсіндіретін. Ол – жарқабақтан түсетін жолдың шетіндегі көне бейіт, әулие бейіт еді, көліктердің жолдан шығып, жарқабақтан құлауы оның жүргізушілердің осы бейітте жатқан Ман ата деген әулиеге тәу етпей, бет сипамай кетуінен деп түсінілетін. Осы түсінікке ешкім қарсы шығып, дау айтып көрген емес, өйткені әулиелерге деген сенім қазақтың бойында болуы табиғи нәрсе. Ман атаның Маңғыстаудағы басқа аймақтармен жалғастыратын басты тарихи жолдың бойында тұруы. Ман ата әулиенің тегін қазақ пен түрікпеннің меншіктей алмауына қарап осы әулиенің өте ерте замандардікі деп түсінілуі осы ұқсастықтардың жайдан-жай еместігін, яғни кездейсоқ еместігіне сендіре түседі. 

Дерек көзі:

1. Серікбол Қондыбай «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» кітабы 2007жыл.

 


Оқылған саны: 9664

Мыңсуалмас бекінісі

Мыңсуалмас бекінісі, орта ғасыр, Бейнеу а.-нан 59 км С бағытта орналасқан.  ...


Қайнар бекінісі

Қайнар бекінісі, орта ғасырлық, Бейнеу  а.-нан СШ-қа  қарай 120 км, Тұрыш а.-нан С қарай 81 км жерде. ...


Құсшы ата қорымы

Құсшы ата қорымы, 15-19 ғғ., Бейнеу а.-нан СШ-қа қарай 120 кмда, Тұрыш а.-нан ОШ-қа қарай 35 км жерде.  ...


Ырғызбай қорымы

Ырғызбай қорымы XVIII - XIX ғасырлар (архит.). Боранқұл ауылынан батысқа қарай 85,5 км жерде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Тілеміс қорымы

Тілеміс қорымы XVIII - XX ғасырлар  Боранқұл ауылынан шығысқа қарай 92,5 км жерде орналасқан. ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қалнияз қорымы

Қалнияз қорымы, ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы, Бейнеу ауылынан 24 км  солтүстік-шығыс бағытта орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Шақан қорымы

Шақан қорымы, XIX - XX ғасырлар, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылынан 27 км батыс бағытта орналасқан ...


Booking.com
Страницы: 123456789101112