Нысандар
Картаға енген нысындардың тізімі
Мықтыбай (Рәзия) күмбезтамы
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт селосынан 25 шм оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан.
Координатасы: N 44 48.900; Е 55 49.600
Ескерткіштің сипаттамасы: Күмбезтам жоспарда төртбұрышты, қабырғалары үш қабатты іші-сырты өңделген тастардан кереге-жіпсе етіп қапталып, ортасы шой тастармен саз балшық араластырыла толтырылған, үстінен дулыға тәріздес етіп күмбез шығарылған. Қалған қабырғаларына қарағанда биіктеу қаланған оңтүстік қабырғасына ортасынан төмен қалдырылған төртбұрышты ойығының жиектеріне сырлы бояулармен әр түрлі геометриялық пішіндермен нақышталған, оңтүстік бетінен төртбұрышты ойық шығарылған күмбезі дулыға тәріздес етіп қашалған. Биіктігі - 6,4 м.
Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер: Ескерткішті 1989 жылы "Қазжобақайтажаңғырту" институты А.О.ИТенов бастаған сәулетшілер анықтап зерттеген.
2007 жылы күмбезтамға "Нұрмакс+" ЖШС мекемесі реставрациялық жұмыстар жүргізді.
Дерек көзі: "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ құжаттары.
Оқылған саны: 61