Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Мыңкісі ата кесенесі

Орналасқан жері: Маңғыстау ауданы, Ақшымырау селосынан 25 км шығыс бағытта орналасқан.

Координаталары: N 44°37' 21.35" , E 52°54' 51.87"  

Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш 1983 жылы «Манғышлақреставрация» АҒЖӨШ ЖШС экспедициясымен А.Қоғалбаева жетекшілік етуімен зерттелген. Қорым 24.06.1985 жылы Халық деп.ның Маңғышлақ облыстық кеңесі атқару комитетінің №208 шешімімен жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне алынған. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 279 қаулысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.

Қорымның пайда болуы шамамен XVIII-XIX ғ.ғ-ға жатқызылады. Қорым жартылай шөлейтті даланың тегіс ландшафтты, кішігірім биіктігінде орналасқан.Қорымдағы кесене, сағанатамдар алыстан ақ көзге түседі.  Оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан күмбезтам жоспар бойынша тікбұрышты порталды күмбезді құрылыс. Ол саз балшықты қолданумен әкті-құмтас плита тастарынан тұрғызылған. Қабырға құрылымы Маңғыстау өңіріне тән: қасбеттері мұқият өңделген тақта тасты қаптамаға ие, қабырғалардың жалпы қалануымен тұтас жасалған. Төбе жабындысы күмбез түрінде келтірілген. Сырт қарағанда, дулыға пішініне келтірілген және барабан сияқты, күмбездің құлыпты жағында найзатасы бар. Кесене қасбеттері карниздің және цоколдің белдіктерімен сәнделіп, ішке кірер есік қуысы сәндік қуыстармен әшекейленген, карниз астында сәндік тақта тастардан белдікті тиянақтайтын өрнекті ойық бар. Аталған қабірге қорым етегінде салынған жаңа мешітпен байланыстыратын арнайы жол апарады.

Тарихи деректер мен аңыз-әңгімелер: Мыңкісі Байсалұлы (Бөкен немересі) шамамен 1793-1838 жылдар аралығында өмір сүрген адам. Мыңкісі атақты сынықшы-емсек ретінде жұрт есінде қалған. Атаның дүниеге келуі, әкесі Байсалға Бекет - Атаның жәрдем беруі туралы аңыз бар.

Әулиелерден бата алған Мыңкісі әруақ қонып, бойында бір тылсым күш пайда болады. Алғашқы кездері алқада күреске түседі. Талай алқалаған жиында күрескендерін бет қаратпай, жауырыны жерге тимеген палуан атанады. Мыңкісі 20 жасқа келген шамасында Арқадағы үлкен бір тойда Адай жағынан Олшажы Арыс палуанмен бірге шақыртылады. Бұлар той жасап жатқан ауылға жеткенше той басталып кетіп, күрестен басқа бәсекелердің көбі аяқталған екен. «Түйепалуандық» атаққа Адайдан Арыс палуан шығып, қарсыластарының бәрін (39) палуанды жығады, сөйтіп «Түйе-палуан» атанады. «Өгізпалуандық» атаққа Мыңкісі шығарылады. Мыңкісі де сол тойда өз қарсыластарының бәрін жығып, ақтық айқасқа жолдама алған жас палуан Нұрқаспен күреседі. Екі палуанды қатар тұрғызғанда Нұрқас Мыңкісіден әлдеқайда ірі, кең иықты, қақпақ жауырынды, бұлшық еттері кесек-кесек тұлғалы жан екен. Нұрқас Мыңкісіні көзге ілмейді. «Менімен күресетін сен кім едің?» – дегендей тәкаппарлана қарайды. Төреші белгі берісімен екі палуан бірден ұстаса кетеді. Нұрқас қарсыласын бірден тұқыртып алып жеңіске тез жетпек болады. Ол бұрын өз қарсыласын жерден тік көтеріп алып, шырқ үйіріп айналдырып барып екі қолының күшімен жерге атып ұрады екен. Осы жолы да Мыңкісіні әлсіз көріп сол әдіске көшіпті. Мыңкісіні жерден көтеріп, бірнеше рет сіліккенімен, Мыңкісі жерге мысықша екі аяғымен дік ете түсіпті. Енді Нұрқас ашулана бастайды. Бар күшін бойына жинап алып, осы әдісін тағы қайталайды. Бірақ онысынан да ештеңе шықпайды. Өзі күшін сарқа жұмсап алған Нұрқас алқынып терлейді. Мыңкісі Нұрқастың бойындағы күшін сарқып алғанын сезеді де, жамбасқа салып жерге ұрады. Нұрқас ауыр салмағымен оңбай құлайды. Нұрқастың ортан жілігі сынған екен. Арқаның елі қапелімде сынықшы іздеп таба алмай, сынған жілікті Мыңкісінің өзі ұстайды. Сынған сүйекті сылап-сыйпап орнына салып, таңып бергеннен кейін Нұрқастың жаны жәй тауып, балбырап ұйқыға кетеді. Мыңкісі кетерінде Нұрқас палуан көзіне жас алып, өзінің бұны менсінбей, менмендік көрсеткенін мойындап, Мыңкісіден кешірім сұрапты дейді үлкендер. Мыңкісі күрес жолын одан әрі жалғастыра берер ме еді, кім білсін, егер атақты палуан Қаралда  оған тоқтау айтпағанда... Ол оқиға былай болыпты.  Атадан балаға жалғасып қалыптасқан салт бойынша бір жылы сәлем беруге Мыңкісі Қаралда атасының үйіне  келіпті.  Сол уақытта Қаралданың жасы сексендерді алқымдап қалған кезі екен. Қаралда Мыңкісіге: «Балам, сені жұрт «күреседі» дейді. Сенің күшіңді сынағым келіп отыр», – депті. Сонда Мыңкісі: «Әкенің белін ұстағап бола ма?!» – депті. «Онда мен шалқамнан жатайын, сен мені үстімнен басып тұрғызбай қарашы» депті. Мыңкісі атасының сөзін қайтара алмапты. Қаралда шалқасынан жатады. Мыңкісі оны кеудесінен басып, жанындағы бір қалың бұтадан мықтап ұстайды. «Болдың ба, балам! – деп сұрайды Қаралда. «Болдым» дейді жас палуан.  Осы кезде Қаралда «әуп» деп Мыңкісіні көтере орнына тұрады. Мыңкісі ұстаған бұтасын түп тамырымен қопара жұлып алған екен. «Балам, шүкір, күшің жетерлік екен, – депті Қаралда, – Бірақ, күрес өнер емес. Мен де күресіп көргенмін. Менің күшімнен көп адам майып болды, зардап шекті. Біреуді зақым етерсің, күресті қой», – деп ақыл айтыпты.  Осыдан кейін Мыңкісі күресті тастап, бірыңғай  емшілік, сынықшылық жолға түседі. Мыңкісінің сынықшылық даңқы елден-ел асыпты. Өз тұсында атақ-даңқы біраз жерге жетіпті. Оны іздеп алыстан адамдар ағылып келе берген. Қандайма болсын, сынған сүйектер Мыңкісі ұстағанда бір-бірімен жымдасып, орын-орнына келе берген. Мылжа-мылжасы шығып уатылып қалған сүйектерді құрастырып салған. Сынған адамның үйіне қарай Мыңкісі бағыттап жүргеннен-ақ қардер адамның ауырған жері басылып, шыдатпай жататын жан азабы жойылып кететін болған. Ол келіп саусақтарымен сынған жерді сыйпағанда сүйектер, орын-орнына түсіп, бебеулеп-безектеп жатқан адамның жаны жай тауып ұйықтап кетеді екен. Мыңкісі, сонымен қатар, асқан көріпкел адам болыпты. Айтқаны келетін «әулие» атаныпты. Ол асып-тасуды білмейтін, ойлы, сабырлы жан болған. «Қасиетің үрімбұтағыңа жайылсын!» деген Бүркіт атаның батасы себеп болып, сынықшылық қасиеті ұрпақтарына дарыған

Дерек көзі:

1. Серікбол Қондыбай «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» кітабы  2007 ж.;

2. Жетібай Жылқышыұлы «Сегіз арыс адайым» кітабы 3-том, Астана, 2015 ж.;

3. ҚазКСР-ң Мәдениет министрлігі. «Қазқайтажаңғырту»институты экспедициясының 1986 ж. зерттеу материалдары. РММ  «Қазреставрация» мұрағаты;

4. Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағаты материалдары.

 


Оқылған саны: 541

Шерқала тауы (X – XIII ғғ.)

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 279 қаулысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді....


Ұлыкіндікті кешені

1998 жылы анықталды. 2005 жылы археолог А.Астафьевтің жетекшілігімен Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорық қызметкерлері археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген....


Тамшалы сайы

Еділ-Орал археологиялық экспедициясымен 1982 жылы анықталып, қосымша зерттеулер 2009 жылы жүргізілген.Алғаш рет 07.05.1993 жылы облыс әкімінің №487 шешімімен мемлекеттік қорғауға алынған. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген....


Саура сайы

Алғаш рет 07.05.1993 жылы облыс әкімінің №487 шешімімен мемлекеттік қорғауға алынған. Саура жерінің туристік тартымдылығын арттыру мақсатында 2014 жылы археолог А.Астафьевтің жетекшілік етуімен Саура бекінісіне археологиялық зерттеулер жүргізілді....


Самал сайы

2004 жылы Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы мемлекеттік мекемесі зерттеген. Қорым алғаш 05.10.2004 жылы Маңғыстау облыс әкімиятының №197 қаулысымен мемлекеттік қорғауға алынған....


Махтум баба мешіті

Алғаш рет 25.03.1982 жылы Халық депутаттарының Маңғышлақ облыстық кеңесі атқару комитетінің №121 шешімі бойынша мемлекеттік қорғауға алынған. Шатқалда (1851 ж. мамыр айында) Т.Г.Шевченко болған және зираттың бір көрінісінің суретін салған. Осыған орай шатқал жарларының бірінде ескерткіш тақта орнатылған....


Қыз әулие кесенесі

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді. Осы Есет елді мекенінде әулие саналып, киелі орындарға айналған жерлер бар....


Страницы: 123456