Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Самал сайы

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосынан 18 км солтүстік-батыс бағытта орналасқан.

Координатасы: N 44° 12' 57.64" E 51° 59' 34.65" 

Ескерткіштің сипаттамасы: 2004 жылы  Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы мемлекеттік мекемесі зерттеген. Қорым алғаш 05.10.2004 жылы  Маңғыстау облыс әкімиятының №197 қаулысымен мемлекеттік қорғауға алынған. 

Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді.

Мұндағы бұлақ суы өзағысымен төмен барып жылғаға құйылады. Шатқалдың ұзындығы 1,5 шақырым шамасында. Бұлақ бойында сирек және реликтті емдік өсімдіктер және ағаштар өсіп тұр. Шатқал айналасында энеолит кезеңінің және е.т. дәуірінің ескерткіштері мол орналасқан. Шатқал аумағы – 6 га.

Тарихи-деректер, аңыз-әңгімелер: Маңғыстаудың шеті жоқ ащы және кермек сулы құдықтары мен бұлақтарының арасындағы тұщы сулы бұлақтар бұл өңірдің тіршілік атаулыға нәр беретін нағыз байлықтары болып табылады. Ыстық кезеңдерде су көздерінің көп бөлігі кеуіп кетеді. Самал сайындағы шағын бұлақ көзі қысы-жазы ағып жатуымен ерекшеленеді. Сай ішінде бағзы замандардан бері долана, тікенді қара өрік, қамыс ағаштары және түрлі емдік шөптер өседі, олардың кейбіреулері Қызыл кітапқа енгізілген. Бұлаққа кіре берісте-ақ, жалбыздың хош иісі мұрныңа келеді. Жаңа ғана құрғақ та, ыстық айдала, кенеттен жап-жасыл шөптер мен сылдыраған салқын самал бұлақты, жанға рахат жерге тап болғанда, не істеріңді білмей, абдырап қаласың.

Дерек көзі:

Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары –Астана: Фолиант, 2017 г., 341 бет;

Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағатының материалдары.


Оқылған саны: 11929

Ақпан ғибадатханасы

Ақпан /Сартай/ ғибадатханасы, ерте темір дәуірі., (археол)  Тұрыш ауылынан солтүстік батысқа қарай 25 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Амандық қорымы

Амандық қорымы, ХІХ ғ. басы,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 106 км, Ақжігіт ауылынан оңтүстік шығысқа қарай 49 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Айтман қонысы

Айтман қонысы, қола дәуірі,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылының солтүстік шығыс жағында 134 шм, Тұрыш ауылынан солтүстік шығыс қарай 43 шм жерде орналасқан  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Тоқсанбай араны

Тоқсанбай араны, орта ғасыр, Бейнеу ауылынан солтүстік шығысқа қарай 127,8 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Күш қорғаны

Күш қорғаны, (ерте темір дәуірі), Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Төлеп ауылынан оңтүстікке қарай 14  км жерде орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Қарақабақ қалашығы

Қарақабақ қалашығы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылынан солтүстікке қарай 25 км жерде орналасқан.  ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Жезді қорымы

Жезді қорымы, ХІХ-ХХ ғғ.,  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан солтүстік шығысқа қарай 100 км болатын жердегі, шағын биіктіктегі төбе үстінде орналасқан. ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Страницы: 12345678910111213