Нысандар
Картаға енген нысындардың тізімі
Шалғынбай күмбезтамы
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылынан 50 шм оңтүстік бағытта орналасқан.
Координатасы: N 44 34.159; E 55 42.036
Ескерткіштің сипаттамасы: Күмбезтам қорымның батыс жағында орналасқан. Күмбезтам жоспарда тік төртбұрышты бір камералық, күмбезі дулыға ьтәріздес, кіреберіс ойығы төртбұрышты оңтүстік-батысқа бағытталып шығаылған. Кіреберіс ойығының жақтауларына ою-өрнектер салынған. Күмбезтам табан тасы орнатылмаған, тек бір сатылы тасқа орнатылған. Қабырғалары тік және көлденең аралары саз балшық араластыра қаланған. Күмбезі жоспарда биік барабанды сфера-конусты пішінде қаланған. Өлшемі:4,0х5,7 м, биіктігі: 5,3 м.
Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер: Ескерткіш 1890 жылы салынған. 1989 жылы А.Итенова бастаған "Казпроектреставрация" институтының экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Дерек көзі: "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ құжаттары.
Оқылған саны: 70