Нысандар
Картаға енген нысындардың тізімі
Тасым 1 некропольі
Орналасқан жері: Тасым 1 некропольі, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосынан 35 км оңтүстік-батыс бағытта орнасласқан.
Координатасы: N 450 49. 751; E 540 19.264.
Ескерткіштің сипаттамасы: Қорымда 60-қа жуық сәулеттік-өнер ескерткіштері орналасқан. Солардың арасынан 8 құлпытас; 12 құлпытас, қойтас; 2 қойтас барлығы - 22 ескерткіш мемлекеттік тізімге алынған. Қорымдағы ескерткіштердің басым бөлігін кіші пішінді сәулет ескерткіштері құрайды. Саз балшықтан қаланған үлкен пішінді ескерткіштер қазіргі уақытта қирап үйіндіге айналған. Құлпытас және қойтастар қырлары ою өрнектермен, геометриялық фигуралармен нақышталып жасалған. құлпытастар әр түрлі үлгіде жасалған, бір құлпытаста күн тәрізді элементтер кездеседі. Қойтастар тұтас тастан қашалған жоғарғы бөлігі трапеция, цилиндр түрлерінде келіп, төменгі бөлігі тіктөртбұрышты параллелипед ортасы қашалып аяқтар түрінде шығарылған. Құлпытастар жоғарғы жағы доға тәрізді, үшбұрышты, әр түрлі геометриялық үлгіде жасалған. 2005 жылы мемлекеттік қорғауға алынған.
Тарихи деректер, аңыз-әңгімелер: Қорымға «Қазжобақайтажаңғырту» институтының экспедициясы 1988 жылы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Қорымда орналасқан ескеркіштердің аудармасы: Кесектен салынған мазарда: Жаңайұлы Тасым. 1. Құлпытас: 1895 жыл. Руы Жары тайфасы........? Тұрлығұл баласы 78 жасында уфат болды. 2. Құлпытас, қойтас: Адай руғы Жетімек Ырысалы тайфасы Байнұр баласы Кенкебай (Кеңбай?) уфат......? Сандықтас, құлпытас(сынған): Адай руғы Жары Жетімек тайфасы Бектұрлы баласы Досым уфат 48 жасында 1884 жылда.қылдырды баласы Әуелбай? Ырысалы Тінібек 8. Құлпытас: адай руы Мұңал тайфасы Даулеталы Томпы баласы Нәдірбай уфат 37 жасында 1866 санада. Үсен-Итолы. 9. Құлпытас: Жеменей тайфасы Өтебай бөлімі Түрікпен Қоғашұлы 15 жасында уфат болды. Құлпытас: руы Мұңал Жары Жанқара Тұрсынбай баласы Азынағұл бай уфат 56 жасында 1857 санада. Қылдырды баласы Құлшық. Дәулеталы 11. Құлпытас: адай руы Жары тайфасы жетімек Кенбай Сатар уфат 89 жасында 1817 санада. Қылдырды баласы Жоламан. 12. Құлпытас, қойтас: Әлмархум ....? Адай руы Жары Жетімек Құлшық ұлы Е....? 32 жасында уфат 1872. 13. Құлпытас, қойтас: адай руғы Жетімек Ақбас бөлімі....? баласы Тақанбай (Тақнияз) уфат........? жасында....? 14. Құлпытас: адай руғы Жетімек тайфасы Оңғарбек (Оңғарбай) қызы....? уфат 14-де әкесі......? Сынған құлпытаста: адай руғы Жетімек тайфасы.... ?... сардың тасы құтты......? 15. Құлпытас, қойтас: адай руы Жары тайфасы Жетімек бөлімі Жолдан Айтболұлы уфат болды 32. 1914 22. Қойтас: Адай руғы Тобыш тайфасы Жаңай Айт Әлінің ұғлы 1290 санада. Құлпытас: адай руы Тобыш тайфасы Жаңай Айт Әлінің ұғлы 1290 санада. Құлпытас: Адай руы Тобыш тайфасы Қожамжар баласы Жалғасбай уфат 55 жасында, жаздырды інісі Қойшы: Табынай-Айбас. Құлпытас: Адай руы Жеменей тайфасы Бәйбише бөлімі Көбекбай Жансеңгір уфат 1858 жылда. Қарақұл мырза Шотықбай ұғлы. Құлпытас: Адай руы Жеменей тайфасы Кенже бөлімі Бегеш баласы Шоғы бай уфат 76, 1859 санда қылдырды інісі Өгізбай. Құлпытас: адай руы Жеменей тайфасы Бегеш баласы шалабай уфат 77 жасында, жаздырды баласы Жанәділ 1874. Қойтас: Адай руы Тобыш тайфасы Жаңай Наз бәйбише уфат болды 49 жасында 1895-нші жылда.
Дерек көзі: "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ құжаттары.
Н.А.Құлбаевтың «Арал-Каспий аралығы тарихи-мәдени ескерткіштеріндегі араб графикалық мәтіндердің анықтамалығы» кітабы 1 том Алматы-2015ж.
Оқылған саны: 16




