Нысандар
Картаға енген нысындардың тізімі
Тоқсанбай араны
Орналасқан жері: Бейнеу ауылынан солтүстік шығысқа қарай 127,8 км жерде орналасқан.
Координатасы: N045^48.084; Е056°37.536.
Ескерткіштің сипаттамасы: Аң аулау қамауы үстірттің шың- кемерінде орналасқан. Жоспарда құрылым 1 араны бар тікбұрыш құрайды. Қабырғалардың ұзындығы 22,3-22,7 м. Аран шұңқырдың диаметрі 1,5 м, тереңдігі 0,5 метрге дейін. Аран қабырғалары 0,4 метрге дейін сақталған, тура және қиғашты бағытталымдағы тігінен орнатылған тақта-тастардың ұштасуымен жасалған. Аран-шұңқырдың қабырғалары ішінен тақта-тастардың көлденеңді қаламасымен салынған. Аран көлемі 1570 м2. Ескерткіш Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған.
Тарихи деректер мен аңыз-әңгімелер: «Көшпелілердің мәдени мұрасы мәселесі бойынша ҚазҒЗИ» экспедициясы 2007 ж. зерттеген.
Дерек көздер:
1. «Көшпелілер мәдени мұрасы мәселесі Қазақ ҒЗИ» экспедиция 2007 ж материалы. Т.Н. Лошакова
2. Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қоры, архив қоры (ескерткіш паспорты).
Оқылған саны: 23


