Нысандар
Картаға енген нысындардың тізімі
Тілеміс қорымы
Орналасқан жері: 18-20 ғғ. Боранқұл а-нан Ш-қа қарай 92,5 км жерде орналасқан.
Координатасы:
Ескерткіштің сипаттамасы: «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» мекемесі 2006 ж. зерттеген. Зираттық қорымда бірнеше жер- леу орны бар. О бөлікте төрт қырлы күмбезді, есік қуысы О-ке бағытталған тікбұрышты жоспарлы кесене орналасқан. Оның қабырғасы тегіс өңделген тастар мен қапталған. Құрлыстың СШ бұрышы қираған, ал Б жағында құлпытасы құлап жатыр. Зираттың СШ бөлігінде техникалық сипаттамасы №1-ші кесенеге ұқсас тағы да 1 жартылай қираған кесене мен қабырғасы жақсы сақталған, сырты жақсылап өңделген қаптама тысты сағанатамды көруге болады. Бұдан басқа зираттың осы бөлігінде қабірүсті құрлыстарының аралас түрлерінің шоғыры тас жәшік пен жалпақ тастардан тігінен қалап орнатылған ескерткіш, құлпытас, қойтас та бар. Зираттың аумағы - 0,5 га. Ескерткіш Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған.
Дерек көзі: «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» мекемесімұрағатының 2006 жылғы материалдары.
Оқылған саны: 6


