Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Бердалы батыр қорымы (XVI-XX ғасырлар)

Орналасқан жері: Маңғыстау ауданы,Жармыш селосынан36 км шығыс бағытта орналасқан.

Координатасы: N 44°1' 35.58", E 52°49' 6.83"  

Ескерткіштің сипаттамасы: Шығыс Қаратау жотасының ең шығыс шеті болып есептелетін Үшкөз-Тамды жеріндегі Қызыладыр биігінде орналасқан. Ескерткішті 1984 ж. «Манғышлақреставрация» СНРПМ экспедициясы О. Рягузова жетекшілік етуімен зерттеген. Алғаш рет 24.10.1987 жылы Халық деп.ның Маңғышлақ облыстық кеңесі атқару комитетінің №496 шешімімен мемлекеттік қорғауға алынған. Кейін  Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 279 қаулысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.

Кең ауқымдағы қорымда 100-ден астам әртүрлі уақыт кезеңінің түрлі ескерткіштері бар. Мұндағы ең ертедегі қабірүсті құрылысы шала өңделген тастардан қаланған. Үйлесімдік жағына қарай қорымның батыс жағы қоршау түріндегі, сағанатам және құлпытас ескерткіштерімен басым. Әктіқұмтастан араланып қашап салынған сағанатам құрлысының көбі шығыс жақ бөлікте және ол тас құрылыс нысаны санатында. Бұл құрлыстардың оңтүстік жақ қабырғасы өзгелеріне қарағанда еңселі және ойық қуысты  болуымен ерекшеленеді және дәстүрлі халық арасындағы Маңғыстаулық сәулет құрлысының өзіндік ерекшелігі бар ескерткіштер қатарына жатады. Өлкенің өткен тарихымен этнографиясы тұрғысынан мол мәлімет береді. Осы қатардағы ерек құрылысты, зор ауқымды негізгі арқауы өсімдік өрнектерімен көмкерілген сағанатамның бірі қорымның оңтүстік-шығыс жақ бөлігінде орналасқан. Қорымдағы кіші архитектуралық ескерткіштер құлпытас, қойтас, жетітас түрінде.  Құлпытастар үш бөліктен құралған. Бірінші тобы, кейбірінің қыр жиектері терең емес өрнекті оюланған, жоғарғы жағы жалпақ қима түрінде. Екінші тобы тік бұрышты баған түрінде, жоғарғы  жағы пішінді етіп қашалған. Үшінші түрдегі құлпытастар көлеміне қарай үлкен де, тиісінше ою-өрнегі айтарлықтай аз. Құрлыс материалы негізінен әкті-құмтас. Қалпына келтіру жұмыстары  жүргізілмеген. Қорым аумағы – 1,8 га, жалпы алаңы – 540 м.

Тарихи мәліметтер мен аңыз-деректер: Бердалы Отарұлы шамамен  1727 жылы дүниеге келіп, 1770 жылы 43 жасында елі үшін қаза тапқан. Аңыз бойынша Ескелді Бердалы Маңғыстауға алғашқы келген адайлардың елшісі болған және опасыздықпен өлтірілгеннен кейін Маңғыстау түбегіне алғаш жерленген адай кісі. Елшіні өлтіру – алаш-митра дінінің сарқындарын сақтаған көшпелілер үшін ауыр қылмыс саналған. Түрікпендердің Маңғыстауды тастап кетуі – осы Бердалы  алғашқы (нақақтан нақақ құрбан) болып қаза табуына байланысты делінеді. Жем бойында тұрған Саназар байға бір жылдан кейін Бердалы түсіне еніп аян берген. Саназар (Атақозы, Кейкі, т.б. кісілер тобы) Маңғыстауға келгесін сол аян-аманат бойынша Бердалының қабірін ашып Үшкөздің тасқабағынан Тамдының теріс жағындағы Қызыладыр биігіне қайта жерлепті. Қабірді ашқанда Бердалының мүрдесі еш бұзылмай жатқан екен мыс.

Дерек көзі:

1. Серікбол Қондыбай «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» кітабы 2007ж.;

2. «Маңғышлақреставрация» СНРПМ экспедициясының 1984 ж материалдары;

3. Маңғыстау МТМҚ ММ 2010 жыл мұрағат материалдары Н.Б. Дауымшарова.

 


Оқылған саны: 4508

Ержан хазрет жерленген жер

Ұстаудан босанып келген соң жергілікті тұрғындардың өте жоғары дәрежедегі сұранысына сай өкімет тарапынан рұқсат етілген бірден-бір діни дәстүр – қаза болғандарды мұсылман шариғатына сай жерлеу ісімен айналысты. Өмірі бойы өз білімін өсірумен болды, көп жерлерден діни кітаптар алдырды. ...


Есен ата жерленген жер

Қорымның аумағына кіре-берісте дәстүрлі қағидаға сай дұғалық орын орналасқан. Ол тас қаландыларымен қоршалған. Мұнда бір ескерткіш тас үйінді түрінде, әрі тік орнатылған ағаш бақанымен ерекшеленген, ал басқасы созылған ұзын шарбақ ретінде орналасқан. ...


Есмамбет әулие жерленген жер

Қорым әр түрлі және әр кезеңге жататын 100-ге жуық ескерткіштен тұрады. Ең ерте кезеңдік ескерткіштер сәулеттік композициялық мәнері бойынша 17 ғ. соңына жатады. Олар негізінен сағанатам, қойтас, құлпытас және мешіт құрылысы. ...


Иса Тіленбайұлы кесенесі

Иса Тіленбайұлы (1829-1909) – халқына даңқы жайылған айтулы батыр, ауызы дуалы шешен, би, ұзақ жылдар ел билеген болыс, серілік құрған, ақындық сөз шығарған жан-жақты өнерпаз тұлға. Ол Адайдың оныншы ұрпағы. ...


Көне Бейнеу қорымы және Бекет-ата жерасты мешіті (ХVIII–ХIХ ғасырлар)

Көне Бейнеудегі Бекет ата жерасты мешіті (ХI-ХIХ ғғ.) тек қана Қазақстан үшін емес, барлық мұсылман әлемі үшін маңызы бар киелі орын. ...


Күйеу там кесенесі

Күйеу там ескерткіші төртбұрышты сағанатам түрінде қаланған. Мұнда қабырға беттерінде түрлі жан-жануардың бейнесі, адам қолының таңба-ізі, алақан, қылыш пен қанжар суреттері салынған. Қорымның солтүстік батыс бөлігінде ескерткіштердің көп бөлігін топырақ басқан. ...


Booking.com
Страницы: 1234567