Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Иса Тіленбайұлы кесенесі

Орналасқан жері: Иса Тіленбайұлы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосынан 20 км шығыс бағытта Алаторпадағы «Сарықыз» қорымында жерленген.

Координатасы: N 44°28' 5.67" , E 51°48' 46.82"  

Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш 1993 жылы жергілікті дәрежеде мемлекет қамқорлығына алынды. Қорымнан зерттеу жұмыстары нәтижесінде 11 ескерткіш есепке алынды. Олар 1 күмбезтам, 10 сағанатам. Күмбезтамның күмбезі дулыға тәрізді, іші-сырты өңделген, ақ бор таспен қапталған. Алдыңғы жағында тік төртбұрышты ойық шығарылып, батырдың қару-жарағы, қыран мен күннің бейнелері, ою-өрнектер бейнеленген. Жоғарыда Иса деген жазу жазылған.

Тарихи деректер, аңыз-аңгімелер: Иса Тіленбайұлы 1869–1872 жылдардағы Маңғыстау қазақтарының патша отаршылдарына қарсы көтерілісін ұйымдастырушы, қолбасшыларының бірі. Бұл – қазақ тарихындағы ірі көтеріліс болып саналады.

Иса Тіленбайұлы (1829-1909) – халқына даңқы жайылған айтулы батыр, ауызы дуалы шешен, би, ұзақ жылдар ел билеген болыс, серілік құрған, ақындық сөз шығарған жан-жақты өнерпаз тұлға. Ол Адайдың оныншы ұрпағы. Исаның атасы Өтебай ел ауызында «Жаманғара» атанып, оның ұрпақтары тұрған жер «Жаманғара» ауылы болып аталады. Ақынның өмір сүрген кезеңі – аласапыран уақыт. Патша үкіметінің жарлығымен Маңғыстауда «Уақытша ережені» жүзеге асыру үшін жер-жерге отрядтар шығып, алым-салықты көбейтті, малды талауға түсіріп, елді ойрандады. Осындай сәтте қарапайым халық өкілдері ИсаТіленбайұлы мен Досан Тәжиевтер елді жинап,табандылық пен төзімділік, қайсарлық пен батырлықтың үлгісін көрсетіп, көтеріліске қарсы шықты. Досан – қолбасшы, ерліктің үлгісі, Иса – көсем, шешен, би, кесек қимыл иесі батыр болған.

1873 ж. Хиуаны Ресей жаулап алғаннан кейін Иса Тіленбайұлы Ресей патшалығының езгісіне қарсы Маңғыстау шаруаларының көтерілісін бастап бес жыл кескілескен соғыстың ортасында болды. Патша өкіметі халықтық дүрбелеңнен сескеніп, жан-жақтан әскери құрамалар шақыртты. Кавказдан, Еділ бойынан, Оралдан келген,зеңбірек сүйреткен әскери күштерге шиті мылтық,қылышпен ғана қаруланған дала ұлдары қарсы тұра алмады. Сол кездегі патша саясатшылары Иса Тіленбайұлының ісі туралы Ресей патшасына арнайы хат жолдап хабарлаған. Оның ел алдындағы беделін өз мүдделеріне пайдаланғысы келген билік оған кешірім жасап, лауазым берді. ИсаТіленбайұлы 35 жылдай болыс басқарушысы болды. Оның билігі, ақындығы жайлы әңгіме ел арасында көп таралған. Ол ел басқару кезінде халқына қадірлі, екі сөйлемейтін, қара қылды қақ жарған әділетті кісі болған екен. ИсаТіленбайұлының ақындық өнерін айғақтайтын «Күйкеннен аттанарда», «Хиуаға кетерде», «Досанды жоқтауы», «Оязға баруы», «Болыс болып жүргенде»,т.б. өлеңдері ел арасына кеңінен таралып, жоғары бағаланған.

Иса ата аруақты батыр, әділетті би болуымен қатар, ақын, ит жүгіртіп, кұс салған саяткер, аса мерген болыпты. «Жағал ат», «Шағадам Қоңырат» сияқты жүйріктерді жаратып, баптап, талай аламан бәйгілерден келтіріпті. Өзі бай болмаса да, бәйгі сыйлықтард ыалмаған, өзгелерге үлестіріп берген.

Дерек көзі: Н.А.Құлбаев «Арал-Каспий тарихи-мәдени ескерткіштеріндегі араб графикалы мәтіндердің анықтамалығы», Алматы-2015.

 


Оқылған саны: 6566

Бердалы батыр қорымы (XVI-XX ғасырлар)

Кең ауқымдағы қорымда 100-ден астам әртүрлі уақыт кезеңінің түрлі ескерткіштері бар. Мұндағы ең ертедегі қабірүсті құрылысы шала өңделген тастардан қаланған. Үйлесімдік жағына қарай қорымның батыс жағы қоршау түріндегі, сағанатам және құлпытас ескерткіштерімен басым. ...


Ержан хазрет жерленген жер

Ұстаудан босанып келген соң жергілікті тұрғындардың өте жоғары дәрежедегі сұранысына сай өкімет тарапынан рұқсат етілген бірден-бір діни дәстүр – қаза болғандарды мұсылман шариғатына сай жерлеу ісімен айналысты. Өмірі бойы өз білімін өсірумен болды, көп жерлерден діни кітаптар алдырды. ...


Есен ата жерленген жер

Қорымның аумағына кіре-берісте дәстүрлі қағидаға сай дұғалық орын орналасқан. Ол тас қаландыларымен қоршалған. Мұнда бір ескерткіш тас үйінді түрінде, әрі тік орнатылған ағаш бақанымен ерекшеленген, ал басқасы созылған ұзын шарбақ ретінде орналасқан. ...


Есмамбет әулие жерленген жер

Қорым әр түрлі және әр кезеңге жататын 100-ге жуық ескерткіштен тұрады. Ең ерте кезеңдік ескерткіштер сәулеттік композициялық мәнері бойынша 17 ғ. соңына жатады. Олар негізінен сағанатам, қойтас, құлпытас және мешіт құрылысы. ...


Көне Бейнеу қорымы және Бекет-ата жерасты мешіті (ХVIII–ХIХ ғасырлар)

Көне Бейнеудегі Бекет ата жерасты мешіті (ХI-ХIХ ғғ.) тек қана Қазақстан үшін емес, барлық мұсылман әлемі үшін маңызы бар киелі орын. ...


Күйеу там кесенесі

Күйеу там ескерткіші төртбұрышты сағанатам түрінде қаланған. Мұнда қабырға беттерінде түрлі жан-жануардың бейнесі, адам қолының таңба-ізі, алақан, қылыш пен қанжар суреттері салынған. Қорымның солтүстік батыс бөлігінде ескерткіштердің көп бөлігін топырақ басқан. ...


Booking.com
Страницы: 1234567