Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Қыдырша ата қорымы (XIX-ХХ ғғ)

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Төлеп селосынан 86 км оңтүстік-шығыс бағытта, аласа жотада  орналасқан.

Координатасы: N 44°15' 9.11" , E 55°15' 27.53"   

Ескерткіштің сипаттамасы: 2008 жылы Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы мамандарымен зерттеліп, Маңғыстау облысының тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала есепке алу тізіміне енгізілген.

Қорымда 35 нысан бар. Қорымның орталығында кесектен қоршалған тас қоршау орналасқан. Қоршаудың батыс қабырғасының ішінде мата байланған «сырық ағаш» орнатылған. Осы бөлікте кірпіш қоршаудың артында жазуы бар осы заманғы құлпытас орнатылған.Онда «Адай руы, Бегей тайпасы, Қосаяқ ауылының азаматы Жылқыбай ұлы Қыдырша 1829-1915 жж» деген жазу бар.Қоршаудың солтүстік-шығысында сағанатам орналасқан. Ескерткіш жоспар бойынша тікбұрышты, әкті-құмтастан ірге тассыз, цокольды белдікте қаланған, үш қабатты құрылымды және орта тұсында тас қаламасы бар. Есік қуысы оңтүстікке қараған. Шығысында №1 сағанатамға ұқсас тағы бір сағанатам бар, батыс қабырғада жазуы бар құлпытас орнатылған. Қорымның сол бөлігінде стелалы тас қоршау және үйлесімді құлпытас пен қойтас орнатылған.

Тарихи мәліметтер мен аңыз-әңгімелер: Қыдырша Жылқыбайұлы - сынықшы, емші. Жылқыбай деген кісінің сегіз баласы болған. Қыдырша ата сол сегіз баланың кенжесі екен.  Ол сынықты қолымен ұстап салмаған. Қандай күрделі сынық болса да, босағадан аттағанда сынық орнына түседі екен. Ол кезде көбіне сынықтар шыңырау тазалағанда, аттан жығылғанда ұшырасқан. Неше күндік жолдан Қыдырша ата сыныққа жүріп бастағаннан сынық орнына түсе бастайды екен, келгенше тас-талқан болып қалған сынған жерлері біртіндеп түсіп, сүйегі сынған адам тыныш ұйқыда жататын болған. Бірде қырықмылтықтың баласы Жылқайдардың аяғы ортан жілігі үзіліп түсті дейді аттан құлап. Содан Қыдыршаны алып кел деп екі атпен адам жібереді. Сол атты адам Қыдыршаның жанына жетті - ау деген кезде баяғы зар еңіреп жатқан адам ұйықтады дейді.  Қыдырша ата келіп басқа үйге түседі. Сол түнде аяғын қимылдатады. Содан келгесін ал болды енді бір мал садақа тарата қой депті. Ауылына бір мал сойып, еті енді пісті-ау деген кезде, ал енді Жылқайдарды оятыңдар дейді. Ау ол қалай келеді, ортан жілігі үзіліп жатқан адам, демей ме. Әй, оята беріңдер, тұрады ғой деген. Оятқан кезде тұрып келіп бірден қолға су құяды.

Бірде Қыдырша атамыз Сәтей бидің ауылының қасында бір топ жолдастары бар, түс қайта қыдырып келіп түсіп жатады,  ауыл жігіттері ат байлайды. Қыдырша атамыздың атын сол кезде жас жігіт Абантай Текешұлы байлайды. Қыдырша атамызға бұл жігіттің қимыл-әрекеті, кішіпейілділігі ұнап қалады. Ертесіне аттанарда Абантай Қыдырша атамызды атқа мінгізеді, сол кезде ата аттан қайта түсіп жерге отыра кетіп, Абантайға бата береді. Абантай Қыдырша атамыз кеткесін үш-төрт күннен соң-ақ сынық сала бастайды. Бұл кісі де құдай берген адам еді, сынықшы, із кеседі, құмалақ салады.

Ата әруағы ұрпақтарына жалғасып келеді. Қыдырша атаның баласы Аяған атаның да әулиесіне түнегендердің сынығы орнына келеді дейді. Бірде Алматылық атақты күйші, композитор Шәміл Әбілтаев ол туралы естіп, аяғын сындырып алып балдақпен жүргенде, Аяған ата  басына келіп түнеп, балдағын тастап кеткен (1993ж). Қыдырша ата 1915 жылы қайтыс болған.

Дерек көзі:

1. Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағат материалдары;

2. «Белгілі ерден Бегей бар (Бегей ата шежіресі)» Алматы-2007ж.

 


Оқылған саны: 6460

Көркембай ахун мешіті

Ол Маңғыстау өлкесінің  XIX ғасырдағы салынған  құрлыстарының ішінде ең ірісі, әрі сәулет жауһары болған мешіт. Жергілікті ауқатты - бай Ақбота Жеменейдің тапсырысымен салынған. ...


Құлбарақ батыр кесенесі

Құлбарақ батыр әулие (1790-1832)  Маңғыстаулық беріш (қаратоқай) руынан шыққан, оның бейіті екеу, бірі Хиуа өңіріндегі Махмұт палуан деген кісінің күмбезінде, мұнда батырдың басы жерленсе, ал екіншісі өзінің атымен аталатын Құлбарақ қорымында денесі жерленген. ...


Қараман ата қорымы және жерасты мешіті (ХIII–ХIХ ғасырлар)

Қорымның ішінде орта ғасыр дәуіріне жататын құлпытастар, тас қоршаулар, XIX ғасырдың II жартысы XX ғасырдың басында Адай шеберлерінің қолымен тұрғызылған күмбезтамдар және көптеген сағанатамдар кіреді. Қорымның батыс бөлігінде Қараман ата жерасты мешіті бар. ...


Ман ата кесенесі

Түйе жүре алатын жол бірте-бірте кеңейтіліп автомобиль жолына айналды. 50-70 жылдардағы осы жол арқылы ойдан қырға шығып жүрген жүргізушілердің арасындағы аңызда осы жол аса қауіпті деп саналатын. ...


Қызылқала қалашығы

Жалпы көлемі 50 гектарға дейін қамтып жатқан Қызылқала қалашығының негізіне Орта Азиялық үлгімен салынған қабырғаларының сақталған биіктігі 2,5-4 метр жуық, жоспары квадрат тәрізді үлкен де мықты қорған 10 ғасыр шамасында салынған. Қорған Хорезм империясының Маңғыстаудағы форпосты болып, келетін керуендердің қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында тұрғызылған. ...


Мыңкісі ата кесенесі

Қорымның пайда болуы шамамен XVIII-XIX ғ.ғ-ға жатқызылады. Қорым жартылай шөлейтті даланың тегіс ландшафтты, кішігірім биіктігінде орналасқан.Қорымдағы кесене, сағанатамдар алыстан ақ көзге түседі.  Оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан күмбезтам жоспар бойынша тікбұрышты порталды күмбезді құрылыс. ...


Booking.com
Страницы: 1234567