Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Ман ата кесенесі

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Өтес селосынан 40 км оңтүстік-батыс бағытта, Үстірт қырынан Маңғыстаудың ойына түсетін жолдың (Қаратүйе-Ман ата жолы) бойында орналасқан.

Координатасы: N 44°5' 53.97" , E 53°10' 45.37"  

Ескерткіштің сипаттамасы: Үстіртің қыры мен Маңғыстаудың қара ойын жалғастырып жатқан он төрт құлама жолдың негізгісі  «Ман ата» деп аталады. Ертеректе арқарлар мен адамдар ғана жүре алатын жалғыз аяқ жол, уақыт өте келе жүк тиеген керуен өте алатын жолға айналды. Осы құлама жолдың екінші аты - «Қаратүйе-Ман ата». Ман ата – Маңғыстаудың қақпасы іспетті. Күзде арқадан арқаланып, жайлаудан қыстауға түбекке қайтқан көштің Ман атаға жеткендігі, ең алдымен көзге түсетіні – Маңғыстаудың ойындағы Отпан тауының төбесі еді делінетін. Алыстағы мұнар тұманның үстінен төңкерілген қазандай болып жатқан Отпантауды көргенде көшпелілер үйге келгендей қуанатын.

Тарихи-деректер, аңыз-әңгімелер: Түйе жүре алатын жол бірте-бірте кеңейтіліп автомобиль жолына айналды. 50-70 жылдардағы осы жол арқылы ойдан қырға шығып жүрген жүргізушілердің арасындағы аңызда осы жол аса қауіпті деп саналатын. Осы жерде жарқабақтан ұшып кетіп жазым болу, қирап қалу оқиғасы кездесіп тұратын. Осындай қайғылы оқиғалардың болу себебін жергілікті халық тек бір жәйтпен түсіндіретін. Ол – жарқабақтан түсетін жолдың шетіндегі көне бейіт, әулие бейіт еді, көліктердің жолдан шығып, жарқабақтан құлауы оның жүргізушілердің осы бейітте жатқан Ман ата деген әулиеге тәу етпей, бет сипамай кетуінен деп түсінілетін. Осы түсінікке ешкім қарсы шығып, дау айтып көрген емес, өйткені әулиелерге деген сенім қазақтың бойында болуы табиғи нәрсе. Ман атаның Маңғыстаудағы басқа аймақтармен жалғастыратын басты тарихи жолдың бойында тұруы. Ман ата әулиенің тегін қазақ пен түрікпеннің меншіктей алмауына қарап осы әулиенің өте ерте замандардікі деп түсінілуі осы ұқсастықтардың жайдан-жай еместігін, яғни кездейсоқ еместігіне сендіре түседі. 

Дерек көзі:

1. Серікбол Қондыбай «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» кітабы 2007жыл.

 


Оқылған саны: 4371

Көркембай ахун мешіті

Ол Маңғыстау өлкесінің  XIX ғасырдағы салынған  құрлыстарының ішінде ең ірісі, әрі сәулет жауһары болған мешіт. Жергілікті ауқатты - бай Ақбота Жеменейдің тапсырысымен салынған. ...


Қыдырша ата қорымы (XIX-ХХ ғғ)

Қыдырша Жылқыбайұлы - сынықшы, емші. Жылқыбай деген кісінің сегіз баласы болған. Қыдырша ата сол сегіз баланың кенжесі екен.  Ол сынықты қолымен ұстап салмаған. Қандай күрделі сынық болса да, босағадан аттағанда сынық орнына түседі екен. ...


Құлбарақ батыр кесенесі

Құлбарақ батыр әулие (1790-1832)  Маңғыстаулық беріш (қаратоқай) руынан шыққан, оның бейіті екеу, бірі Хиуа өңіріндегі Махмұт палуан деген кісінің күмбезінде, мұнда батырдың басы жерленсе, ал екіншісі өзінің атымен аталатын Құлбарақ қорымында денесі жерленген. ...


Қараман ата қорымы және жерасты мешіті (ХIII–ХIХ ғасырлар)

Қорымның ішінде орта ғасыр дәуіріне жататын құлпытастар, тас қоршаулар, XIX ғасырдың II жартысы XX ғасырдың басында Адай шеберлерінің қолымен тұрғызылған күмбезтамдар және көптеген сағанатамдар кіреді. Қорымның батыс бөлігінде Қараман ата жерасты мешіті бар. ...


Қызылқала қалашығы

Жалпы көлемі 50 гектарға дейін қамтып жатқан Қызылқала қалашығының негізіне Орта Азиялық үлгімен салынған қабырғаларының сақталған биіктігі 2,5-4 метр жуық, жоспары квадрат тәрізді үлкен де мықты қорған 10 ғасыр шамасында салынған. Қорған Хорезм империясының Маңғыстаудағы форпосты болып, келетін керуендердің қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында тұрғызылған. ...


Мыңкісі ата кесенесі

Қорымның пайда болуы шамамен XVIII-XIX ғ.ғ-ға жатқызылады. Қорым жартылай шөлейтті даланың тегіс ландшафтты, кішігірім биіктігінде орналасқан.Қорымдағы кесене, сағанатамдар алыстан ақ көзге түседі.  Оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан күмбезтам жоспар бойынша тікбұрышты порталды күмбезді құрылыс. ...


Booking.com
Страницы: 1234567