Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Ортағасырлық Қызылқала қалашығы

2004-2005 жылдары Маңғыстау ауданында Шетпе кентiнен 20 км солтүстiк бағытта Ақмыш бұлағының маңайында орналасқан Қызылқала ортағасырлық қалашығының орнына археологиялық зерттеулер өткiзiлдi.  Алғашқыда ескерткіштің қабырғалары ғана бекітілген керуен сарай болғаны ал кейіннен,  сыртынан таспен қапталып, 13 қарауыл мұнаралы мықты қамалға  айналдырылған. Бекіністі айнала қоршай саудагерлер мен кәсіпкерлердің гүлденген қаласы орналасып жатты. Қыш-шөлмек ыдыстардың, күйдірілген кірпіштер мен темірден, мыстан, құнды металлдардан жасалған бұйымдардың табылуы бұл жерде өндіріс орындарының болғандығын айғақтайды. Жалпы көлемi 50 га дейiн қамтып жатқан Қызылқала қалашығының негiзiне  орта азиялық үлгiмен салынған қабырғаларының сақталған биiктiгi 2,5-4 м жуық, жоспары квадрат тәрiздi  үлкен де мықты қорған  10 ғасыр шамасында салынған. Қорған Хорезм империясының Маңғыстаудағы форпосты болып, келетiн керуендердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында тұрғызылған. Уақыт өтуiмен бұл жерге Орта Азиядан қоныстанушылар келiп, қорған айнала егiншiлер мен өнеркәсiпшiлер елдi мекенi пайда болады. Суы мол, табиғаты жұмсақ Қаратау баурайындағы оазис 13 ғасырдың бірінші ширегіне  дейін көп құрылысты, бау-бақшалы, көл-тоғандары бар үлкен қалаға айналды. Қаланың негiзгi тұрғындары Хорезмнен келген колонистер болған, ал жақын жерде Шерқала тауының маңында жергiлiктi тайпалардың егiншiлiкпен, мал шаруашылығымен айналысатын бекiнiстi елдi мекенi болды.  


Оқылған саны: 989

Амантұрлы қорымы

Амантұрлы қорымы. XVII-XX ғасырлар. Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосынан 35 км солтүстік-шығыс бағытта орналасқан.  ...


Сенек қорымы

Сенек қорымы. ХVII-ХХ ғасырлар. Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылынан шығысқа қарай 1 шм жерде орналасқан....


Асалы күмбезтамы

Асалы күмбезтамы.  Маңғыстау облысы. Бейнеу ауданы, Боранқұл селосынан   56 км  шығыс бағытта орналасқан. Маңғыстаумемлекеттік тарихи-мәдени қорығы....


Қамысбай қорымы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе селосынан 14 км. оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан. ХVІ – ХIХ ғғ...


Ақүйік қорымы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе аулынан оңтүстік-шығысқа қарай 17 шм орналасқан...


Қапаш мешіті, шебер Капаш Қинақұлы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жармыш ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 шм жерде орналасқан....


Қызылсу қорымы

Қызылсу қорымы, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Сенек ауылынан солтүстікке қарай 21 шм жерде орналасқан...


Booking.com
Страницы: 12345678