Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Тамшалы сайы

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы,Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласынан  35 км шығыс бағытта,  Тамшалы жерінде орналасқан.

Координатасы: N 44° 35' 16.13" E 50° 35' 36.73" 

Ескерткіштің сипаттамасы: Еділ-Орал археологиялық экспедициясымен 1982 жылы анықталып,  қосымша зерттеулер 2009 жылы жүргізілген.Алғаш рет 07.05.1993 жылы облыс әкімінің №487 шешімімен мемлекеттік қорғауға алынған. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді.

Бекіністік қамал екі нысаннан құралады. №1- нысан, қамал қабырғасы, 200 м ұзындықтағы мүйістің шетін жағалай орналасқан. Жоспарда қабырға сызығы сәл қисайған. Қабырғалардың қалыңдығы 1,2-1,5 м. Қабырғалар биік емес, 1,5 м, өте биік нүктелері 2-2,3 м. Құрылысы 2 қабатты табиғи таспен және Маңғыстау облысының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы топырақпен толтыра қалау әдісімен тұрғызылған. Кей жерлерде төменгі қаландылардың деңгейінде тік қойылып жалпақ тастар орнатылған. Қабырғалар алаңдық жағынан  жартылай дөңгелектенген, диаметрі 3,5-4 м, 3-5 м қабырға сызығынан шығыңқы келген 5 мұнарамен нығайтылған. Мұнараның ішкі бөлме қуысы бар. Кей жерлерде мұнаралар мен қабырғаларда биіктігі 40-50 см жақтаулар байқалады. Қабырғаның СБ бөлігінде шамамен ені 2 м болатын өткел бар. Қабырға мен мұнаралардың алдында алаңдық жағында жүзіп барған ені 2 м, тереңдігі 50 см болатын есік қуысын жағалай ор жатыр. Ені 3 м, биіктігі 30-50 см ордың алдында қатты сырғыған топырақ жал болып үйілген үйінді және мұнаралар мен есік қуысына қарсы доғаланған тас қаландылар бар. Бұл мүмкін маңдай үстінің құлаған қалдықтары болуы мүмкін. Мүйістің С жағында арнайы төмен түсетін соқпақ анықталды. Қамалдың аймағында жалғыздан кремний сынықтары кездеседі. Қамал қабырғаларының құрылысы мен сақталуы кейінгі орта ғасырларға меңзейді. 2- нысан - мүйістелген шошақтың бітер жеріндегі үйілген көлемді үйінді сипатында. Үйіндінің ұзындығы 48 м, ені 10-12 м, орташа биіктігі шамамен 2 м. Жоспарда қиғаш (зигзаг) пішінде келген. Мүйіс аумағындағы біршама жер үйіндімен қалқаланған. Осы маңда қолдан жасалған қыш ыдыс сынығы, мыс рудасының және сирек кездесетін пышақ тәрізді кремний тасының сынықтары кездеседі. Бұл материалдар қола дәуірімен мерзімделеді. Ескерткіш (1986 ж.) құжатталған.

Тарихи-деректер, аңыз-әңгімелер: Туризм мен демалыстың ғажайып орындарының бірі –Тамшалының тамаша табиғаты болып табылады. Тамшалының басты кереметі – сайдың қабырғасымен жартылай дөңгелек түрінде қалыптасқан шағын үңгірдің төбесіндегі сулы сазды қабатының ашық қалуы. Тұщы су жартасты кемерден тамшылап, үш метр биіктіктен ағады. Аққан тамшылар құдды бір жаңбыр жауып тұрған тәрізді тырсылдайды. Тамшалы сайы жыл бойы тіршілікке толы! Қыстыгүні су ағыстарын мұз басса да, төмен қарай қарқынды ағуларын тоқтатпайды.  Міне, осы сәтте судан табиғи ағза жасалғандай тамаша көріністер пайда болады. Мұз бағаналары тілімденіп, қуыстар арқылы төмен қарай құлдырайтын жан-жақты су ағыстарының сарқырауы мен тамшылар сылдыры түрлі дыбыстарға ұласады. Осынау табиғаттың төл туындысында таза ауамен тыныстап, мөлдір де моншақтай тамшылардың күміс сыңғыры бойыңды сергітіп, жыныңды жадыратады. Тұғырдан төмен қарай тамшы сорғалап, моншақ тамшылары табан тасқа соғыла сазды әуенмен әдемі әсерге бөлейді.

Дерек көзі:

Маңғыстау МТМҚ ММ-нің 2009 жыл А.Астафьев материалдары;

Маңғыстау экотуризм журналы.

 


Оқылған саны: 8125

Саура сайы

Алғаш рет 07.05.1993 жылы облыс әкімінің №487 шешімімен мемлекеттік қорғауға алынған. Саура жерінің туристік тартымдылығын арттыру мақсатында 2014 жылы археолог А.Астафьевтің жетекшілік етуімен Саура бекінісіне археологиялық зерттеулер жүргізілді....


Самал сайы

2004 жылы Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы мемлекеттік мекемесі зерттеген. Қорым алғаш 05.10.2004 жылы Маңғыстау облыс әкімиятының №197 қаулысымен мемлекеттік қорғауға алынған....


Махтум баба мешіті

Алғаш рет 25.03.1982 жылы Халық депутаттарының Маңғышлақ облыстық кеңесі атқару комитетінің №121 шешімі бойынша мемлекеттік қорғауға алынған. Шатқалда (1851 ж. мамыр айында) Т.Г.Шевченко болған және зираттың бір көрінісінің суретін салған. Осыған орай шатқал жарларының бірінде ескерткіш тақта орнатылған....


Қыз әулие кесенесі

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді. Осы Есет елді мекенінде әулие саналып, киелі орындарға айналған жерлер бар....


Кенті баба қорымы

Ескерткіш 1979 жылы Қазақ КСР Мәдениет Министрлігінің экспедициясымен зерттелді. Қорымға 1983, 2005, 2013, 2014 жж ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізілді....


Қошқар атадағы қошқар мүсіні

Қорым алғаш Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1974 жылғы 6 маусымдағы Қаулысымен мемлекеттік қорғауға алынған. Кейін 25.03.1982 ж Халық депутаттарының Маңғышлақ облыстық кеңесі атқару комитетінің №121 шешімі бойынша жергілікті дәрежеде мемлекет қамқорлығына алынды....


Booking.com
Страницы: 1234567