Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Уәлі қорымы

Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы

Өтес селосынан солтүстік-шығысқа қарай 60 км  

Координатасы: N044.38´11,19; E054.8´49,85; 

Ескерткіштің сипаттамасы: Уәлі қорымы Өтес селосынан солтүстік-шығысқа қарай 60 шақырым жерде, 180 шақырымдық Өтес – Бейнеу ауыл аралық жолының маңында орналасқан. Қорымда мемлекеттік тіркеуде тұрған 328 қабірүсті ескерткіші және батыс бөлікте ең байырғы кіші пішінді тас белгі-сынтас, белтас, 2 күмбезтам, 5 ірі сағанатам және қираған 2-3 сағанатам және бірнеше құлпытас, өңделмеген тастан көлденең қаластырылған көптеген тас қоршау бар. Қорымның ең көне бөлігі оңтүстік-батыста орналасқан. Бұл қабір тастар биіктігі кішкентай, ұзын болып созылған бір-екі сатылы жертөле бөлігіне орнатылған қойтастар. Негізінен бұл қабірлер атмосфералық әсерден қатты бұзылған. Шығысқа қарай алдымен өңделмеген тастардан, содан кейін жалпақ, тігінен қойылған плиталардан салынған пішіні қоршаулары бар құлпытасқа жақын қабір тастары орналасқан. Бұл құлпытастардың кейбірі адамның сұлбасына ұқсайды (дене, бас). Шамамен осы уақытқа немесе сәл кейінірек кезеңге жататын қабір тасынан және тастар үйіндісінен тұратын қызықты ескерткіш бар. Бұл тас плитада бас киімдегі адам бейнесі барельефте берілген. Шығысқа қарай шала оңделген құлпытастыры бар плиталардан қаланған қоршаулар орналасқан (кейбіреулерінің биіктігі метрден асады). Некропольдің оңтүстік-батыс шетінде орналасқан діни құрылыстарды: ашық аспан астындағы қасиетті орын- ғибадатхана және жерасты мешітті, мүмкіндікпен осы уақытқа да жатқызуға болады. Көптеген ескеркіштерден рулық таңбаларды, әсіресе адай руының таңбаларын көп кездестіруге болады. Қорым ежелгі ескерткіштердің бірі, онда ерте орта ғасырлардан бүгінгі күнге дейінгі жерлеу орындарын көруге болады. 

Алғаш рет мемлекеттік қорғауға 1974 жылғы 07 маусымдағы № 338 Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен қабылданды, сонымен қатар Маңғышлақ облыстық Халықтық Кеңес депутаттарының   25. 03. 1982 ж. №121-ші шешімімен Республикалық дәрежеде мемлекеттік қорғауға алынған.

Дерек көзі: "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ "Қор" секторының құжаттары


Оқылған саны: 2350

Алтықұлаш (Қызылқұлаш) некропольі

Алтықұлаш (Қызылқұлаш) некропольі. ХІХ - XХ ғасыр ескерткіш, ансамбльдер мен кешендер. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші.  ...


Аққұл ишан мешіті

Аққұл ишан мешіті ХIХ ғасыр, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылынан 17 км солтүстік-шығыс бағытта, Сайын жерінде орналасқан....

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Манашы некрополі

Манашы некрополі, ХVII - ХIХ ғасырлар, Бейнеу ауылынан 25 км оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Құсшы-ата некрополі

Құсшы-ата некрополі, ХV - ХIХ ғасырлар, Тұрыш ауылынан 35 км оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Есетмола некрополі

Есетмола некрополі, ХІV - ХІХ ғғ; Бейнеу ауылынан 65 км солтүстік-батыс бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Дарханбай (Сары Шоңай) некрополі

Дарханбай (Сары Шоңай) некрополі, Ақжігіт ауылынан 40 км оңтүстік бағытта орналасқан.  ХVІІІ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басы ...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Бесшымырау некрополі

Бесшымырау некрополі, Ақжігіт ауылынан 42 км оңтүстік бағытта орналасқан...

"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ

Booking.com
Страницы: 12345678910