Нысандар

Картаға енген нысындардың тізімі

Ұлыкіндікті діни-қабірлеу кешені

Шопан-ата қорымына жақын Ұлы кіндікті жерінде  ерекше археологиялық нысана орналасқан. 2005 жылы археологтар осы жердегі қола дәуіріне жататын екі діни-қабірлеу кешені орындарына археологиялық зерттеу жұмыстарын өткізді. Бұл ескерткіштің шартты дәуірі  б.д.д. 2 мыңжылд. ортасы деп белгіленеді. Бірінші қабірдің диаметрі 6 м болатын дөңгелек пішіндегі тас қоршауы болған көрінеді, тастары шашылып, бүгінгі таңда құрылысы бұзылған. Тас қоршаудың ішіне ерекше қабір орналасқан. Барлығы 12 тасты тігінен қойып тұрғызған қабірдің пішіні жұмыртқаға өте ұқсас болып келеді. Қабір түбінде қартайған адамның қаңқасы сақталған. Дене бір қырынан жатқызылып, басы шығысқа қаратылып, тізелері бүктіріліп жерленген.

Екінші қойылымның қабір құрылысы және жерлеу дәстүрі күрделілеу. Қабір дөңгелек пішінді, ірі фундамент тастары сақталғандығынан бұл күмбезді құрылыс болғаны түсінікті болды. Бұл қабірде де жасы үлкен адам жерленген, дененің басы шығысқа бағытталып, қырынан жатқызылған. Моланың қабырғалары тастан қаланған, төменгі бөлігі жұмыртқа тәрізді болған, жоғарғы бетіне күмбез тіктелген. Қоршауының диаметрі 10 м болған,  биіктігі 1,5 м  етіп тастан қаланған қабырғамен қоршалған. Сондай-ақ бұл тас қоршауды ені 3 м , тереңдігі 1 м  ор белбеу сияқты қоршаған. Қабірлеу рәсімі кезінде  тас қоршау мен күмбез арасына алау жағылған.

    

 


Оқылған саны: 484

Ақүйік қорымы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе аулынан оңтүстік-шығысқа қарай 17 шм орналасқан...

Маңғыстау мемлкеттік тарихи-мәдени қорығы

Қапаш мешіті, шебер Капаш Қинақұлы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жармыш ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 шм жерде орналасқан....

Маңғыстау мемлкеттік тарихи-мәдени қорығы, "Қор" бөлімінің құжаттары

Қызылсу қорымы

Қызылсу қорымы, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Сенек ауылынан солтүстікке қарай 21 шм жерде орналасқан...

Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы, "Қор" бөлімінің құжаттары

Уәлі қорымы

Уәлі қорымы Өтес селосынан солтүстік-шығысқа қарай 60 шақырым жерде, 180 шақырымдық Өтес – Бейнеу ауыл аралық жолының маңында орналасқан. ХI-ХХ ғғ. Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Өтес селосынан солтүстік-шығысқа қарай 60 км қашықтықта орналасқан....


Ортағасырлық Қызылқала қалашығы

Қызылқала қалашығы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кентiнен 20 км солтүстiк бағытта Ақмыш бұлағының маңайында орналасқан....


Қырғын қорымы

Қырғын қорымы Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы  Жетібай ауылынан 5км батыс бағытта орналасқан.  ХIХ-ХХ ғасырлар,  Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіш. ...


Booking.com
Страницы: 1234567