Нысандар
Картаға енген нысындардың тізімі
Есмамбет әулие жерленген жер
Орналасқан
жері: Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылынан
12 км солтүстік бағытта орналасқан
Координатасы: N 43°51' 37.20" , E 51°3' 56.29"
Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіш 1981ж. «Манғышлақреставрация» АҒЖӨШ экспедициясымен С. Жүнісова жетекшілік етуімен зерттелген. Ескерткіш алғаш рет 25.03.1982 ж Халық депутаттарының Маңғышлақ облыстық Кеңесі атқару комитетінің №121 шешімімен жергілікті дәрежеде мемлекет қамқорлығына алынған. Казіргі уақытта Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді.
Қорым әр түрлі және әр кезеңге жататын 100-ге жуық ескерткіштен тұрады. Ең ерте кезеңдік ескерткіштер сәулеттік композициялық мәнері бойынша 17 ғ. соңына жатады. Олар негізінен сағанатам, қойтас, құлпытас және мешіт құрылысы. Мешіттің ескі екендігін, оның қабырға құрылысына қаланған әкті-құмтас тақта тастарының өңделмей-ақ жарып-жарып алынған тастармен сазды лай балшықтағы қаландысының өзі меңзейді. Ал кейінгі кезең ескерткіштері, қасбет құрылысы және интерьеріндегі өсімдік өрнек элементтерімен сәнделген бірнеше сағанатамдардан-ақ көрініп тұр.
Тарихи-деректер, аңыз-әңгімелер: Ел аузында сақталған әңгімелерге қарағанда, Есмамбет – Маңғыстаулық қожа, өз заманында халыққа мұсылманшылықты уағыздаған әулие адам болған. Оның ұрпақтары Әбіш молда, Сансызбайлар ата жолымен жүріп, мұсылманшылықты меңгерген. Қазіргі уақытта Есмамбет қорымы ел басына түнеп, қадір тұтып қастерлейтін киелі орын саналады.
1. Маңғыстау МТМҚ ММ, 2006 жыл, мұрағат материалдары.
2. Серікбол Қондыбай «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» кітабы, 2007 жыл.
Оқылған саны: 4931
Бейне-материалдар
Маршрут
Қызылсу қорымы
Ұлыкіндікті діни-қабірлеу кешені
Уәлі қорымы
Уәлі қорымы Өтес селосынан солтүстік-шығысқа қарай 60 шақырым жерде, 180 шақырымдық Өтес – Бейнеу ауыл аралық жолының маңында орналасқан. ХI-ХХ ғғ. Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Өтес селосынан солтүстік-шығысқа қарай 60 км қашықтықта орналасқан. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіш....
Ортағасырлық Қызылқала қалашығы
Қырғын қорымы
Шерқала тауы (X – XIII ғғ.)
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 279 қаулысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді....
Ұлыкіндікті кешені
1998 жылы анықталды. 2005 жылы археолог А.Астафьевтің жетекшілігімен Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорық қызметкерлері археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген....